17.04.2014 15:43

«Шай ішсең, көнілің жай» және «Комикс кафе»

ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТУСАКЕСЕРІ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі кітапхана– бөлімшесінде «Шай ішсең, көнілің жай» және «Комикс кафе» атты жобалардың тұсаукесері болып өтті.

38 39 39
41 42 43

Шара басында кітапхана қызметкері бұл жобалар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылатындығына тоқталды. Шай мәдениеті дүние жүзіндегі ең ұзақ тарихқа ие мәдениеттердің бірі. Әлемнің әр бұрышында шай мәдениетінің дамуы, оны қолдану әртүрлі деңгейде. Шайдың дамуы кейде сол ел мен аймақтың тұрмыстық өресіне де байланысты болады. Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Сол себепті «Шай ішсең, көңілің жай» атты шайқұмарлар клубында көркем әдебиетті оқи отырып әр елдің шай ішу дәстүрі, жалпы шай туралы, оның пайдасы мен басқа да қызықты сырлары жайлы кеңірек әңгімелейтін боламыз деп, - атап өтті.

Сондай-ақ, екінші жоба «Комикс кафе» шығармашылық жастардың бас қосатын сүйікті орнына айналады деген ойдамыз. Қызығушылық танытып жүрген жастарымыз шеберлік кластарын ұйымдастырып, комикс жанрын зерттей отырып комикс тарихымен танысып, қиялдарындағы кейіпкерлерді комикс арқылы жеткізуге мүмкіндік алады дей отырып, сөз кезегін қонақтарға берді.

Сөз алған «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейімді мектеп-гимназиясының» 2 «Ә» сынып оқушылары Медетұлы Расул, Орынбасар Әлихан өздерінің бірінші комикстерін толық зерттеп салғандарын және комикстың туындауына қандай шығармалардың әсері болғаны туралы айтып берді. Көрнекілік ретінде өздері салған қазақша комикстарын көрсетті. Оқушылардың сөзін Шәкәрім атындағы СМУ ІІ курс студенті Абдрахманов Ерасыл толықтырды.

Дастархан басында ересек оқырмандармен жалғасқан бірінші отырыс қазақтың шай ішу дәстүріне арналып, басқосу жылы және достық жағдайда өтті. Ұйымдастырушылар келесі кездесуде ағылшын елінің шай ішу дәстүріне тоқталатындықтарын атап өтті.

Ал, жас буын шара соңында қызығушылықпен комикстер салып, «Комикс кафенің» тұрақты келушілері болатындығын жеткізді.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL