09.06.2023 02:06

ӘДЕБИ КИНОЗАЛ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында экранға шығарылған әдеби-көркем туындылар көрсетілімін ұйымдастыру арқылы кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Әдеби кинозал» жобасының тұсаукесері өткізілді.

Шараға Шәкәрім атындағы СМУ-нің, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжі мен Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері, тұрақты оқырмандар шақырылды.

Шара басында кітапхана қызметкері кітап пен киноның әрдайым өзара әрекеттесетіндігі жайлы, яғни бірінші болып әдеби туынды жазылса, кейіннен оның негізінде көркем фильм түсірілетіндігі туралы атап өтті. Бір жағынан жақсы таспаланған туынды сол кітапты оқыған адамды толқытып, тағы да бір рет сол кездегі сезімдерін басынан өткізуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, экрандалған туындыны көру арқылы көптеген жандардың сол кітапты оқуға деген қызығушылығы артады. «Әдеби кинозалдың» алғашқы сеансы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи-трилогиясына арналды.

1 2
3 4

Көрермендерге І.Есенберлиннің өмірінен алынған қызықты деректермен қатар «Көшпенділер» трилогиясында әдеби-көркем тілмен суреттелген Қытай шекарасынан қарт Каспийге дейін созылған Ұлы дала халқының өмірі, моңғол шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттің қалыптасу кезеңінде қазақ даласында орын алған тарихи оқиғалар туралы ақпараттар берілді.

5 6

Шара барысында кітапхана қызметкері аталған фильмнің түсірілімі, режиссері, сценарий авторы және басты рөлді сомдаған әртістер туралы әңгімелеп берді. Осындай егжей-тегжейлі мағлұматтар алған көрермендер ерекше шығарманың түпкі ойын, қызықты оқиғаларымен еліктіріп әкететін «Көшпенділер» фильмімен салыстыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің мұғалімі, режиссер Болат Қамзиннің жетекшілігімен колледж студенттері «Ұлылардың бас қосуы» атты көрініс ұсынылды. Балалар көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілерінің орындауында І.Есенберлиннің шығармашылығы бойынша «Қазақ хандығының тарихынан...» атты құмда сурет салынып, «Кітап парағынан - үлкен экранға дейін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Әдеби кинозал» жобасы оқырмандардың жазғы уақыттарын тиімді пайдалану үшін өз жалғасын табады.

 
09.06.2023 01:44

ФУТБОЛКА КҮНІ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқитын адам-Homo legens» жобасын жүзеге асыру барысында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Футболка күні» мерекесі өткізілді.

7 8 9

Мереке, 21 маусым күні бүкіл әлем атап өтетін футболка күніне арналып, сонымен қатар тек киімнің бір бөлшегі ғана емес, қарым-қатынас құралы болып табылатын, заманауи адам гардеробының ажырамас бір бөлігіне айналған футболканың шығу тарихымен таныстыру, оның көп функционалдылығын көрсету, адам өміріндегі футболканың маңыздылығын және футболка кию арқылы әр адам өзінің ерекшелігін көрсете алатындығын түсіндіру, үстімізге киген киімдегі жазудың мағынасына назар аударту мақсатында ұйымдастырылды.

10 11

Шара барысында қатысушылар «сөйлейтін» футболканың пайда болумен таныса отырып, «Бар мәселе жазуда» атты іскерлік және «Бір футболка екеуге» атты қызықты ойындарға қатысты. Ең епті сайыскерлер сыйлықтармен марапатталды.

12 13
14 15

Сонымен қатар, футболкалар дефилесі ұйымдастырылып, дефилеге қатысушылар үстеріне киген футболкалардағы жазулардың мағынасын ашып, таңдаған сәтте несімен қызықтырғаны жайлы айтып өтті. Мереке соңында флэшмоб ұйымдастырылды.

 
09.06.2023 01:33

АҒЫЛШЫН ТІЛІ АНАММЕН БІРГЕ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жобаның тұсаукесері өтті.

Шараға балалар аналарымен бірге, №31 мектептің мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушылары қатысты. «Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жоба бірінші кезекте ата-аналардың ағылшын тілін балаларымен бірге меңгеруіне бағытталды.

Жобаны іске асыру ересектердің тілді түсінуге, балалардың ағылшын тіліндегі үй тапсырмаларын орындау барысында көмек көрсетуге, көп уақытын баламен өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда он ана балаларымен ағылшын тілін үйренуде.

Жоба тұсаукесері Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі әкімшілігінің алғы сөзімен және жүргізушілердің құттықтауларымен ашылды. Бұдан соң балалар Қалалық орталық кітапхананың көркем безендірілген залдарын аралап, экскурсия жасады.

Ашылу салтанатынан кейін балаларға кең ауқымды бағдарлама: ертегілер бойынша викторина, караоке, қуыршақ театры, сондай-ақ балалардың сүйікті ертегілері, өлеңдер, әңгімелер, түрлі-түсті журналдар, комикстер қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

«Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жобаның жүзеге асырылуына, яғни ағылшын тілі сабағымен айналысатын бөлменің ашылуына ЖШС «Азия Декор» және «Меломан Video» cауда үйі демеушілік көмек көрсетті.

Шараға «Рудный Алтай», «Семей таңы», «Вести Семей», «Семей айнасы» және «SEMEI» телеарнасының журналистері қатысты.

16 17 18
19 21 22
22 23
 
09.06.2023 01:15

СҮЙІКТІ ҚАЛАММЕН БІРГЕМІН

«Қазақстан кітапханалары – білім орталығы» жобасы аясында 2018 жылдың 16 мамыр күні сағат 15:00-де «СҮЙІКТІ ҚАЛАММЕН БІРГЕМІН» атты жобаның тұсаукесері өткізілді. Шараға «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамалтдинова Зульфия Фазылжанқызы, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Төлеуханов Айдос Әбілғазыұлы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қуанғалиева Анар Ахметқалиқызы, «Халықтық ой-сана» жазба ақындар орталығының жетекшісі Молдабеков Серік Рысбекұлы қатысты.

Бұл жобаның мақсаты: жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезім қалыптастыру, туған өлке тарихына деген қызығушылықты ояту, өлке туралы білімдерді насихаттау.

24 25 26
27 28 29

Жалпы жоба екі бағыттан тұрады. Гид Семей «Жас өлкетанушылар» клубын құру және «Тарихи-мәдени орындарға саяхат» атты жаяу жүргіншілер экскурсиясын ұйымдастыру.

Аталмыш жобаны ақын Серік Молдабеков жетекшілік ететін «Халықтық ой-сана» жазба ақындар орталығы қолдап, бірлесе жүзеге асыру көзделген. Жоба аясында тұрақты түрде қаланың тарихи-мәдени ескерткіштеріне экскурсиялар ұйымдастырылып, бірқатар шаралар топтамасы өткізілетін болады.

Қатысушылар ұлы ақын Абай ескерткішіне жаяу саяхат барысында өлеңдерін оқып, гүл шоқтарын қойды.

LAST_UPDATED2
 
09.06.2023 00:55

БИБЛИОДЕСАНТ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында «Кітап арқылы рухани жаңару» атты жобаны жүзеге асыру мақсатында Шүлбі кентінің тұрғындарына арналып кітапханалық десант шарасы өткізілді.

Шара барысында Egov.kz порталын пайдалануды, компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеруді және Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі сайтының электронды ресурстарымен танысуды қалайтын кент тұрғындарын «Ақпараттық технологиялар» секциясы күтіп тұрды.

30 31

Ал «Әдеби жаңалықтар» секциясына қатысушыларға «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының тарихы, 2018 жылы жаппай оқуға ұсынылған авторлар мен кітаптар туралы ақпарат беретін көрме ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған Шәкәрімнің шығармалары, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі мен Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары бойынша толық ақпарат берді. Әңгіме барысында бұл шығармалар әртүрлі болғанымен, оларды біріктірген авторлардың ауыр тағдыры, өмір жолындағы қиындықтарды жеңіп, төзімділік көрсете білгендігі жайлы айтылды.

32 33 34
35 36 37

Кітапханалық десант барысында кішкентай оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқу техникасын жақсарту мақсатында көркем безендірілген ертегілер, әңгімелер және балаларға арналған анықтамалық басылымдар ұсынылды. Сондай-ақ, Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері ағылшын тілін үйренгісі келетін балаларды «Қызықты ағылшын тілі» атты онлайн-сабақтарына қатысуға шақырды.

Шараға қатысқан Шүлбі кентінің тұрғындарына Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхана-бөлімшелерінің мекен-жайы, ұсынылатын қызметтері мен кітап қоры туралы мәліметтері бар – тақырыптық әдебиеттер тізімі, жарнамалық ақпараттар, бетбелгілер, буклеттер және жаднамалар таратылды.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL