Кітапхана туралы
05.09.2010 20:52

«Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің негізі 1976 жылы қаланды. Оның қалыптасу мен даму жолы жеңіл болмай, өз қиыншылықтарын да бастан өткізді. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде барлығы 30 кітапхана бөлімшесі болды, оның ішінде 5 - балалар, 1 - жасөспірімдер, 15 – ересектер мен балаларға қызмет көрсететін кітапхана. 1995 жылы ОКЖ құрамына Жаңа-Семей ауданына қарасты тағы 13 ауылдық кітапхана қосылды.

Оңтайландыру жылдарында 26 қалалық кітапхана бөлімшелері қысқартылды, соның ішінде барлық балалар және 12 ауылдық кітапханалар. Жабылған кітапханалардың кітап қорлары қалалық және ауылдық мектеп кітапханаларына, балалар үйлеріне, әскери бөлімшелерге тегін таратылды.

Қалалық орталық кітапхана және 3 қалалық бөлімше мен Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесі өз мойындарына жабылған кітапханалардың оқырмандарына қызмет көрсетуді алып қана қоймай, сонымен қатар қорды жаңа кітаптармен толықтыру үшін ақылы қызмет түрін енгізді, сондай-ақ қосымша қаржы көздерін яғни демеушілерді іздестірді.

 

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты: кітап оқу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына, үздіксіз білім алуына, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне ықпал ету және түрлі ақпарат пен білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, оқырман сұранысын қанағаттандыру.

Міндеттері:

 

  • оқу беделін көтеру, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын шығармашылық үрдісте ұйымдастыру;
  • толассыз және өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көмек беру;
  • жас пайдаланушыларға қоғам ережелері мен құндылықтарын түсінуге көмектесу, олардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне кітап оқыту арқылы ықпал ету;
  • мәдени даму, бос уақыттарын түрлі зияткерлік әдістерімен тиімді пайдалануларына жаттықтыру.


ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ


Оқырмандардың кұқықтық

мәдениеттілігін, азаматтық көзқарасын, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Өлкеге, Қазақстан тарихына деген қызығушылығын ояту.

Оқырмандарды халық мәдениетінің көркемдік салт-дәстүріне тарту.

Көркем мәдениеттілікті қалыптастыру бойынша тәрбиелік қызметті іске асыру.

Салауатты өмір салтын насихаттау.

Кітапхана және оның қызметін жарнамалау .

Жаңа технологияны енгізу.

 

Біздің жетістіктеріміз


·БАҚ-пен әріптестік байланыс орнату

Телеарналармен бірлесе «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын өткізу

«Патриот» насихат тобын құру

«Радуга» шығармашылық бірлестігін ұйымдастыру

Қала көлемінде Кітап мерекесін өткізу

Білім және әлеуметтік мекемелермен бірлесіп жұмыс жасау

Экономика және құқықтық ақпараттық орталығын құру (2001 ж.)

Балалар және жасөспірімдер кітапханасын ашу (2003 ж.)

Цемент кентінде кітапхана бөлімшесін ашу (2004 ж.)

Автоматтандыру бөлімнің ашылуы (2005 ж.)

Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімнің ашылуы

Анықтамалық-библиографиялық және Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімдерінің жеке бөлім болып құрылуы.

 

ОКЖ бойынша оқырмандар клубы:


Балалар:

·«Умка» - өнегелі-эстетикалық клуб

«Почемучка» - әуесқойлар клубы

«Шаңырақ күмбездері астында» - өз отанының тарихын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білу

·«Шипагер» - салауатты өмір салтын қалыптастыру

«Жұлдыз» - дарынды балалар бірлестігі

Жасөспірімдер:

«Орфей» - сазды салон

«Мерей» - өлкетану клубы

«Эрудит» - интеллектуалды-танымдық клубы

«Ұлағат» - қазақ әдебиетімен әуестенетін оқырмандар клубы

«Атамекен» - өлкетану ақпараттық - танымдық клубы

Әйелдерге арналған клуб

«Общение»

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қаламыздағы көптеген ұжымдар және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста бірлесе жұмыс атқарады.

LAST_UPDATED2