«Достық құшағы ұлттық мәдениет орталығы»
14.03.2012 21:55

2Наурыз айының 13 күні сағат 10-00 де Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Достық құшағы ұлттық мәдениет орталығы» мен бірлесе отырып «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбымен кеш өтті. Бұл кешке көрермен ретінде қаламыздағы №34 және №4 мектептің 5, 7 сынып оқушылары қатысты. Кешті өткізген кітапханашылыр Сураганова Дана мен Жакеева Шынар.

Бұл кештің мақсаты: Наурыз мерекесін таныту, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау.

Бұл кешті ұлттық киім киіп шыққан кітапханашылар былай деп ашты: «Өздеріңіз білесіздер міне, көктем айының тамаша мейрамы Наурыз мерекесі де келді. 22 наурыз күн мен түннің теңелетін күні, яғни бұл күнде барлық халық көтереңкі көңіл күймен қарсы алады. Наурыз мерекесінің тарихына тоқталып өтіп, жыр шашу ала келген сөз кезегін «Достық құшағы» Ұлттық Мәдениет орталығына берілді. Мұндағы апаларымыз қазақ халқының тұсау кесу салтынан көрініс көрсетті. 1 жастан енді ғана асқан Алдиярдың тұсауы кесіліп тәй-тәй балам әні айтылып шашу шашылды. Келесі сөз кезегі әйелдер3 кеңесінің төрайымы Сұлтанова Сақан апаға берілді. Ол кісі қазақ үйінің жабдықтарының қалай жасалатының, оюдың қалай ойылатының, құрақ көрпенің қалай тігілетінің түсіндіріп айтты. Ұлттық Мәдениет орталығының мүшелері осы кешке ән шашуларында ала келді. Олар «Сәби болғым келеді», «Бүлдірген», «Жыл басы Наурыз» атты әндерді орындап берді.

Кеш барысында кітапханашылар «Нұр себеле, әз наурыз!» атты дыбысталған викториналық ойынды слайд арқылы ойнатты. Оқушылардың барлығы ойынға қызуғышылықтарының білдіріп, өте жақсы қатысып отырды. Сондай-ақ оқу залында «Қош келдің, әз Наурыз! » тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 
№2 кітапхана-бөлімшесінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-тіршіліктің тірегі» атты суреттер сайысы өткізілді
12.03.2012 14:23

1№2 кітапхана-бөлімшесінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-тіршіліктің тірегі» атты суреттер сайысы №35 мектептің 3-4 сынып оқушыларымен өтті.

Халықаралық әйелдер күні мейрамының шығу тарихы жайлы оқушыларға айта отырып, Қазақстанда бұл мереке кеңес өкіметі орнағаннан кейін тойлана басталғандығы жайлы кітапханашы С.К.Нукушева айтып берді.

Сайыс қортындысы бойынша №35 мектептің 3 сынып оқушысы Турдин Дархан жеңімпаз атанып, жеңімпазға сыйлық берілді.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында, №17 мектеп оқушыларымен бірлесіп «Менің сүйікті анам» атты ертеңгілік өтті.
07.03.2012 17:12

1"Ана" – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Балалар және жасөспірімдер кітапханасында да өз жалғасын тапты. Кітапханада «Менің сүйікті анам» атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгіліктің мақсаты: оқушылардың ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Ертеңгілікті кітапханашы Ахметгалиева Қамар құттықтау сөзімен бастады. Ол: барлық көрермендерді 8-наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің тарихына тоқталып өтті. Мерекелік бағдарламаға №17 мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетсе, ал көрермен ретінде «Қайнар» университетінің жанындағы бастауыш сынып ұстаздары мен оқушылары және №9 жанұялық амбулаторияның қызметкерлері қатысты. Бұл мерекелік шарада қаламыздағы №17 мектептің оқушылары Тоқанова Мадинаның «Асыл әже» және Аразалинов Мағжанның «Наз қоңыр», Кенжеғали Арсеннің2 «Тұлпарым», Назарбекова Ақеркенің «Жетісу» әндері көрермендерді ерекше сезімге баурады. Сондай-ақ жас жеткіншектердің «Ержүрек» триосы орындаған «Ана алтын» әні тамаша шықты. Оқушылар аналарына арнаған «Ана – барлық өмірдің бастауы» атты әдеби монтажын қойды. Шара барысында кітапханашының ұйымдастыруымен «Қыз еркем – анасымен көркем» атты слайд-шоу көрсетілді.

Шара соңында белсенді қатысқан өнерпаз оқушыларға сыйлықтар таратылды. Бұл сый-сияпатқа қолдау көрсеткен тұрақты оқырман Құдайбергеноваға, өз өнерлерін көрсетіп, баршамызды тамсандырған №17 мектептің оқушыларына және музыка пәнінің мұғалімі Жанар Қасенқызына айтар алғысымыз шексіз.

 
07.03.2012 17:06

SAM 1452Тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі аналардың құрметіне арнап 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №8 мектеп-кешенінің 4 сынып оқушылары арасында «Тіршіліктің тірегі ана» атты поэзия сағатын өткізді. Шараға сынып жетекшілері Құрмашева Меруерт пен ата-аналары қатысты.

Шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметпен сыйлай білуге үйрету, оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашының кіріспе сөзінен кейін, оқушылар аналарынаSAM 1470 жүрекжарды тақпақтарын айтып, өз қолдарынан жасалған сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар шарада асыл аналарымыз туралы тамаша сөздер, мақал-мәтелдер айтылып, әнмен көркемделіп отырды. Шара соңында оқырмандар кітапханашыларға алғыстарын білдірді.

 
«Махаббат - мәңгі ертегі»
14.02.2012 22:33

№2 кітапхана-бөлімшесінде орыс тілінде «Махаббат – мәңгі ертегі» атты тақырыпта пікірталас өткізілді. Шараға №8 балалар үйінің 7-8 сыныпта оқитын тәрбиеленушілері қатысты (тәрбиешісі – Арқашбаева Қаламқас Ғаббасқызы).

Пікірталастың мақсаты – Оқушылардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттеріне қозғау салу үшін лиро-эпостық жырлары арқылы, заманымыздың заңғар жазушылары мен кең ауқымды ізденгіш, ойшыл ақындарымыздың өлеңдерінің астарлы мағынасын түсіндіру.

Оқу залында «Махаббат-мәңгі ертегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оның мақсаты – кітап қорды насихаттау, кітапханадағы мерзімді басылымдармен таныстыру. Мысалы , «Қыз Жибек» , «Еңлік -Кебек» , «Қозы Көрпеш -Баян-Сұлу» , А.С. Пушкиннің ,С.Есениннің, А.Блоктін шығармалары көрмеден орын алды.

Пікірталасты кітапханашы Оразова Э.А. балаларға махаббат әрбір адамның өміріне жарық пен жылу беретін , дүниеге келген сәттерден бастап қартайғанша серігі болатыны жайлы айтылды. Сәби кезде – ананың жылы алақаны, мейірі , туған шаңырақтың түтініне деген махаббат болса, ес білгенен кейін – туған жерге, қалаған іске адалдық , отбасына деген сүйіспеншілік, құрметтеу туралы айтып берді . Пікірталаста кітапханашы Оразова Э.А. Р.Гамзатовтың , Т.Зумакулованың , С.Есениннің шығармаларын махаббат тақырыбында жазған өлеңдерінен үзінділер жатқа оқып берді.

Шараға оқушылар белсене қатысты.Олар өз пікірлерін ортаға салды. Ширяева Виктория өзі жазған өлеңін мәнерлеп оқып берді. Пікірталас «Махаббат-мәңгі ертегі» тақырыптық көрмеге библиографиялық шолумен аяқталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 11 12 13 14 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL