ОКЖ №12 кітапхана бөлімшесінің балалар бөлімінде «Кітапхана – кітаптар тұратын үй» атты экскурсия өтті.
13.02.2012 23:42

1ОКЖ №12 кітапхана бөлімшесінің балалар бөлімінде «Кітапхана – кітаптар тұратын үй» атты экскурсия өтті.

Бұл шараға №30 мектептің 3 сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі С.М. Служаева.

Экскурсия «Негеш» клубының жұмысы аумағында өткізілді.

Экскурсияның мақсаты: балаларды кітапханамен және анықтама әдебиеттермен таныстыру; кітапты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап – қарым- қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.

Экскурсия барысында балаларға кітапхананың, кітаптың маңызы туралы айтылды, балаларға арналған энциклопедиялармен таныстырылды және «Бұл қай ертегінің кейіпкерінің сөзі?» деген сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлтттық намыс» тақырыбында ерлік сабағы өтті.
07.02.2012 19:34

11Жас ұрпақтың бойында патриоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы орасан зор. Осы мақсатта Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ерлік, рух, отаншылдық, ұлтттық намыс» тақырыбында қаламыздағы №37 гимназияның 7-ші сынып оқушыларына ерлік сабағы өтті.

Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық қасиеттерді дамытып, оларды Отанын, елін, жерін сүюге баулу. Ерлік, батылдық туралы түсідіру.

Шара барысында кітапханашы слайд арқылы «Ерлер есімі ел есінде» деген тақырыпта Ұлы отан соғысының ардагерлерінің суреттерін көрсете отырып, олардың өмірбаянымен таныстырды. Кітапханшы оқушыларға «ерлік», «отаншылдық», «батылдық», «ұлттық намыс» дегенді қалай түсінесіңдер деген викториналық сұрақтар қойды. Бұған осы сыныптың оқушылары өз ойларын қосты. Ахметова Диана ұлттық намыс дегеніміз – ол біздің тіліміз деп түсінемін дей келе өзінің «Тілім менің» атты өлеңін оқыса, ал Ерзатов Серік ерлік – деген қайсарлық. Бұған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін айта аламын деп, өзінің атасының фотосын көрсете отырып, ерліктерін баяндап берді. Сабақты Жалелова Ақмарал «Елім менің» әнімен аяқтады. Сабақ өте қызықты өтті. Рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті ұрпақтың жүрегіне мейірімділік пен ізгілікті кітапханашылар ерлік сабағында барынша ұялата білді.

 

 
«Өз құқығынды білесінбе?»
17.01.2012 00:33

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында 6 қаңтар  күні Бизнес колледждің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Өз құқығынды білесінбе?» атты мәдени іс-шара  өтті. Іс-шараны өткізген кітапханашы Сураганова Д. А.
Бүгінде жас тәуелсіз еліміздің іргетасын нығайту жолында, жас ұрпақты келешекке даярлау, заман көшіне сай қалыптастыру, ұлттық үрдісте тәрбиелеу басты мәселелерінің бірі болып отыр. Қазір мемлекетіміз, жастар саясатының өрістенуіне қолдау көрсетіп, жол ашуда. Сондықтан да болар, қазіргі таңда елімізде 150-дей жастар мен балалар ұйымдары жұмыс істейді. Бәрімізге белгілі елімізде жастар туралы заң қабылданды. Содан кейін осы заңға сәйкес «Қазақстан Жастар – 2009 бағдарламасында әзірленді».
        Кітапханашы Сураганова Д. Жастар құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жастарды тәрбиелеу және жан-жақты білім беру жастардың әлеуметтік -экономикалық жағынан қолдау, жастар денсаулығының сақталуын, олардың салауатты өмір салтын құру, т.б. Жастар жайын айтып әңгімеледі. Сонымен қатар «Жасөспірімдер құқықтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырып, «Жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа кім кінәлі?» атты слайд-шоу көрсетілді.  Іс-шара соңында ойын сайыс өткізілді, мақсаты:

  • өзінді қорғай біл
  • заңды білу, заңға бағыну
  • жасөспірімдердің ой қабілетін дамыту

Күткен ойын сайыстың нәтижесі

  • түсініктермен терминдермен танысу
  • өміріңдегі өз құқығынды білуді дамыту
  • құқықтық білімді жетілдіру

Бұл іс-шараның мақсаты: әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілікті жоғары, талап-талғамы терең, өз құқығын қорғай білетін, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалану мүмкіндіктерін үйрету. Оқушылардың бойында Ата заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Осы тақырыпта кітапханашы Сураганова Д. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады екенін түсіндіріп өтті.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Білгір географ» атты білгірлер сайысы өтті.
17.01.2012 00:29

Іс-шараның мақсаты: Жергілікті жердің компоненттерін пайдалана отырып, топпен жұмыс істеуге, ойларын жүйелей білуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, картамен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту.
   Іс-шара № 15 мектептің, 8 сынып оқушыларының қатысуымен   өткізілді. Мұнда кітапханашы  Жакеева Ш. С. оқушыларды  сайыстың шартымен таныстырды.
             Сайысқа 8-сынып оқушылары қатысты. Сайыс екі топтан тұрды. 1 - топ «Білгірлер», 2 – топ «Біліктілер».  Әр топ командасының атымен, ұранымен, өз топтарының төс белгілерімен таныстырды, төрешілер сайланды.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды.
 I -кезең «Блиц -турнир» арқылы 2 топқа сұрақтар қойылды.
II -кезең «Тест тапсырмаларымен жұмыс».
III-кезең «Бірге орындаймыз».
Қорытынды: Төрешілер сайыстың қорытындысын шығарып, әділ бағалап, жеңіске жеткен «Білгірлер» тобын мақтау қағазымен марапаттады.          

 
«Менің сүйікті ертегішім»
11.04.2011 17:07

 

2011 жылы 5 сәуірде Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Менің сүйікті ертегішім!» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте № 6 гимназиянының 1«г» сынып оқушыларымен бірлесіп сынып жетекшісі Калиева Рысалды Орынбасарқызының жетекшілік етуімен болып өтті! Ертеңгілікті кітапханашы Омарханова Г.М. ашып кітап мерекесімен құттықтады. Ертеңгіліктің мақсаты оқушыларды Ханс Кристиан Андерсен ертегілерімен таныстыру және оқыған ертегілерінің кейіпкерлерімен жүздесу. Ертеңгілік кітап мерекесінің ашылуына арналып 2 сәуір әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай жүргізілуде.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 11 12 13 14 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL