№2 кітапхана-бөлімшесінде №35 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты денсаулық сағаты өткізілді.
06.02.2014 15:17
06.02.14

Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға тәрбилеу.

Нашақорлық – ғасырымыздың дерті, ұлтымызды азғындап, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде, көкнәр, зығыр, гашиш, морфин, кокаин, апиын, героин.

Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар екені, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түпкірінде өсірілетіндігі жайлы кітапханашы айтып берді. Денсаулық сағатына қатысқан оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, болашағын ойлайтын адам ешқашан есірткіні пайдаланбайтынын, өзін-өзі нашаның мастығымен алдамайды, денсаулығын сақтап қоғамда белсенді азамат болуды қалайтындарын айтты.

Денсаулық сағаты «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолумен аяқталды.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Туған қалам Семейім!» атты виртуалды саяхат №17 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілді.
26.01.2014 22:54

Шараның мақсаты: оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, қала тарихымен, тарихи-мәдени көрнекті орындарымен таныстыру.

Кітапханашы шара барысында 2018 жылы Семей қаласының 300-жылдығы аталып өтетіндігін, туған қаламыздың тарихи-мәдени ескерткіштері мен мұражайлары және т.б. көрнекті орындары туралы слайдтар көрсете отырып кең мағлұмат берді. Оқушыларды туған өлкеміздің танымал тұлғаларының өмірі және шығармашылықтарымен таныстырып өтті.

Қазіргі Семей - ақжарқын, жылышырыйлы және еңбекқор тұрғындары бар қала. Ол - сәулетті ғимараттары, алаңдары, театр, музейлері, жасыл ағаштармен және гүлдермен көмкерілген саябақтары мен сквер, көшелері бар мекен.

Соңынан виртуалды саяхат барысында берілген ақпараттарды бекіту мақсатында «Семей қаласының ескерткіштері» атты слайд-викторина экран арқылы жүргізілді. Кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Туған қалам, Семейім!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


1 2
 
№42 жанында интернаты бар жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлағат» клубының отырысы аясында «Қазақстан – тәуелсіз, байтақ елім» атты таным сағаты №2 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
21.01.2014 00:55

1Мақсаты: оқушыларды Қазақстан Республикасының жетістіктерімен таныстыру, Отанын сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, қайрымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Іс-шара мемлекеттік әнұранмен басталды. Ежелден еркіндік аңсаған еліміздің сан ғасырлар бойы қасиетті күресінің, ата-бабаларымыздың аққан қаны мен төккен терінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізгендігі жайлы, дербес мемлекет ретінде әлемге танылғандығы жайлы кітапхана қызметкері баяндап берді.

Таным сағатында «Егемен елім - ер жетті» атты брейн-ринг ойыны оқушылар арасында ойнатылды.

«Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттер мен мерзімді

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ШҚО әкімдігі «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі» 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жылды жарқын қарсы алайық!» атты ертегі-концерт өтті.
27.12.2013 00:00

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ШҚО әкімдігі «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі» 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жылды жарқын қарсы алайық!» атты ертегі-концерт өтті.

Шараның мақсаты:

  •  оқушылардың эстетикалық талғамын, қиялын арттыру, өнерге баулу, мерекелік көңіл – күй сыйлау;
  •  Ертегі кейіпкерлерін викторина ойындары арқылы таныту; қысқы табиғаттың әсемдігін сезіндіру;
  •  Жаңа жыл мерекесі, Аяз ата, Ақшақар кейіпкерлері туралы түсіндіріп, мерекелік әсер қалдыру.

 

1 2

 

 

Ертегі концертті кітапхана қызметкерлері ертегі кейіпкерлеріндей киініп өздері дайындағын қойылыммен бастады. Зал алдын ала безендірілді. Зал ортасына жасыл шырша орнатылып, кітапхана қызыметкерлері театрландырылған қойылым көрсетті. Шара барысында жалмауыз кемпір, алтын балық, түйме қыз бейнесін сомдаған кітапхана қызметкерлерінің көрінісін, әдемі жаңа жылдық маскарадтық киімдер киіп қатысқан балалар қызыға тамашалады. Бүлдіршіндерді қызықтырарлық тосын таңғажайып сәттер де, көп болды. Әртүрлі аңдар бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері ертеңгілікке қонаққа келіп, балалармен бірге ойын ойнап, би билеп, ән айтып Аяз Ата мен Ақшақардың жұмбақтарын шешті. Сондай-ақ экраннан ойнатылған «Ертегі кейіпкерлеріне саяхат» атты викториналық ойыны шараны одан ары қыздыра түсті.

Кеште аңдар бейнесінде киінген оқушыларымыз әндерімен, қыздар мың бұралған билерімен мерекелік кешті қыздыра түсті. 1 сынып оқушылары Саққұлақ, Тышқан, Айдаһар болып киініп, дайындаған көріністерін көпшілікке тарту етті. Өнерлерін көрсеткен оқушыларымызға Аяз ата қоржынынан сыйлықтарын ұсынып, батасын берді. Соңынан Аяз атамыз бен Ақшақарымызды да әсем ән-билерімізбен шығарып салып, мереке би кешіне ұласты.

Көптен күткен шырша мерекесі оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, үлкен әсер қалдырды

Сонымен қатар аталған кітапханада балалардың ой-қиялын дамыту, эстетикалық талғамын жетілдіру мақсатында «Жаңа жылым - жақсылыққа жетеле» атты көрме-викторина ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған Жаңа жылға байланысты кітаптар, газеттер мен журналдарды кітапханашы оқырмандарға таныстырды. Шараға №6 гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты.

3

 
№30 мектептің 4 сынып оқушыларымен №12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілік өтті.
27.12.2013 00:00

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі жайлы дәстүрлерді қастерлеп, оқушылардың жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Жаңа жыл мерекесі балалардың сүйікті мейрамы. Бұл мерекені әр баланың жыл бойы тағатсыздана күтетіні шындық. Осы мейрамда ғана балалар өздерінің ертегідегідей сүйікті кейіпкерлері Аяз атамен және Ақшақармен кездеседі.

4«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігінде оқушылар Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар туралы көп қызықты әңгімелер тыңдап, «қысқы» жұмбақтар шешіп, көңілді ойындарға қатысты.

Оқушылар «Жаңа жыл бізге асығып келеді» атты кітап көрмесімен танысып, қысқы айлар туралы талқылауға қатысып, қыс туралы қызықты тақпақтар, мақал-мәтелдер оқып, қыс туралы жұмбақтар шешуге қатысты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL