Балалар Әлемі
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің оқушыларының қатысуымен «Аналар мерекесі» атты ертеңгілік өтті.
11.03.2013 00:00

2Бұл шараға көрермендер ретінде «Қуаныш» бала-бақшасының тәрбиешілері, «Қайнар» мектеп – гимназияның мұғалімдері және №9 МСКО-ның дәрігерлері қатысты.

Мақсаты: Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін түсіндіру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Ертеңгілік барысында №17 мектептің оқушылары арнайы дайындап әкелген концертік программаларын көрермендер назарына ұсынды. Іс-шара барысында көрермендер арасында «Аналар мерекесі» атты слайд арқылы викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Қатысушы көрермендер ойынға қызығушылықтарын білдіріп, өте жақсы қатысып отырды. Белсенді қатысқан аналарға сыйлықтар табыс етілді.

Келесі кезек әсем әуенге ұласып № 17 мектептің 2 сынып оқушылары Дынғазиева Қарақат, Балқашқызы Аида, Аразалинова Дилара «Менің әжем», «Сағындым әжем», «Анашым» әндерін нақышына келтіріп, орындап берді. Балалар «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым» атты әдеби монтаж қойса, ал сыныптың оқушылары «Ана мен бала» тақырыбында көрініс көрсетті.

Сондай-ақ оқу залында «Анаға күн шуағын шашайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Мерекелік ертеңгілікке қатысып, өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларға кітапханашы сыйлықтар берді. Шара барысында би де биленіп, ән де шырқалып көрермендер мерекелік көңіл-күй алып қайтты.

4 5
 
«Балбұлақ»
11.03.2013 00:00

SAM 1445Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8 - наурыз мерекесімен құттықтау, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы сыйлауға, ананы құрметтеу мақсатында Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Атамекен» клубының

аясында «Ана – өмірдің шуағы» атты әдеби музыкалық монтаж №32 мектеп жанындағы «Балбұлақ» бала-бақшасының балаларымен болып өтті.

Іс-шарамыз М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Нұрын төккен маған» әнімен басталды. Кітапханашы мерекенің тарихына тоқталып, сөз кезегін балаларға берді. «Мама первое слово» әніне балалар вальс биін билеп, ал ең кішкентай бұлдіршендіріміз «Балапан» биін тамашалап берді.

Кішкентай бұлдіршіндер белсенділік танытып, өздерін әртүрлі қырларынан танытып, көрермендерді өз өнерлерімен тәнтті етті. Кітапхананың тұрақты оқырманы ардагер - ұстаз Бақтыоразова Бәсен Сәсенқызы балаларға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын беріп, шашуын шашты.

Іс-шара барысында «Ана-өмірдің шуағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

SAM 1478 SAM 1487
 
№2 кітапхана-бөлімшесінде балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың туғанына 65 жыл толуына орай «Балалар әлемін барлаған» атты ауызша журнал өткізілді.
03.03.2013 21:55

Шараға №20 орта мектептін 7 сынып оқушылары мен №8 балалар үйі тәрбиеленушілері қатысты. Шараның мақсаты: Оқушыларға Шығыс Қазақстанның тумасы, балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың өмірі мен шығармашылын насихаттау, өлкетану әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Ауызша журнал 3 беттен тұрды: Марат Қабанбаевтың өмірбаяны; Марат Қабанбаевтың шығармашылығы; Марат Қабанбаевтың шығармасы бойынша «Когда тебе двенадцать лет» атты «Қазақфильм» киностудиясы түсірген көркем фильмнен үзінді көрсету.

Кітапхана қызметкері ауызша журнал беттерінде «Балалар әлемін барлаған» атты слайдты пайдалану арқылы жазушының өмірбаяны мен шығармашылы туралы әңгіме қозғады. Балалар фильмді қызығушылықпен тамашалай отырып, талқылады. Ауызша журнал тақырып бойынша ұсынылған кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Оқушылар мен қонақтар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 
Елордамыз Астананың 15 жылдық мерекесіне орай ақпан айының 12 жұлдызында Цемент кентінінің кітапхана бөлімшесінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен №22 мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жан жүрегім – Астана» атты ойын-саяхат болып өтті.
24.02.2013 01:22

Ойын – саяхаттың мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен және көрнекі жерлерімен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, дүниетанымын кеңейту.

«Арман қала Астана» атты электронды тұсаукесер арқылы оқушылармен бірге Астана қаласына саяхат жасадық.

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы Астананың символы Байтерекке келіп тоқтадық. Мұнда кітапханашы Байтеректің тарихымен Байтеректің негізгі идеясына тоқталып өтті.


SAM 1347 SAM 1384

Байтерек сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астананың символы болып табылса, келесі аялдамамыз әсем қала Астанамыздың сол жағалауында орналасып бой көтеріп тұрған Аққорда ғимаратына тоқталдық. Ақорда Қазақстан Республикасының Президентінің Резиденциясы, ғимарат қазіргі заманға сай құрылыстың ең таңдаулы әдістерінен қолдана отырып, монолит құйматастан салынған.

Үшінші аялдамамыз "Думан" ойын-сауық орталығы - дала төсіндегі мұхит тамшысы, астанамыздың маңызды нысаны және қазақстандықтардың мақтанышы болып табылады. Мұнда халық еліміздің барлық жерлерінен және шет елдерден келіп жатады.

Іс-шара барысында оқушылар Астана қаласына арналған өлендер оқып, сөзжұмбақ шешті.

Астанамыздың көркеюі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек. Елбасымыз айтқандай, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірегімізде арайлы рухты оятады. Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі – Астанамыз асқақтай берсін – деп іс-шарамызды аяқтадық.

LAST_UPDATED2
 
№31 орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларымен «Футбол - баршаға ортақ» атты кітап көрмесінің тұсаукесері Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде өткізілді.
17.02.2013 22:09

ХХ ғасырдың 13-жылдары бастау алған Қазақстандық футболдың биыл 100 жылдығы аталып өтіледі.

2Бұл спорт түрін сүймейтін халық жоқ шығар. Қазақ жерінде де футбол ойыны қарқынды дамып көптеген адамдардың сүйікті спорт түрі болып, түрлі кездесулердегі, той-жиындардағы талқылаулардың басты тақырыптарының біріне айналды. 1913-14 жылдары Семейде ССК, «Ярыш», «Олимп», «Ласточка» деген тұңғыш футбол клубтары пайда болған. Тіпті солардың бірі «Ярышта» қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов те өнер көрсеткен екен. Бірақ, бұл спорттың еліміздегі даму тарихын көптеген адамдар біле бермейді. Әсіресе жастар.

Осыған орай Қазақ футболының тарихынан азды-кем жиналған ақпаратты, жастарға бере отырып, футбол туралы көзқарастарын кеңейту, салауатты өмір денсаулық негізі екенін жеткізе отырып, оларды спортқа баулу, Қазақстандық спортшылардың ерлік істерін, отансүйгіштік қасиеттерін мақтан етуге, бойларына патриоттық сезімді сіңіре білуге тәрбилеу мақсатында қаламыздағы №31 орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларымен «Футбол - баршаға ортақ» атты кітап көрмесінің тұсаукесері Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде өткізілді. Көрмеге Қазақстан футболының тарихы жайлы баспасөз беттеріне шыққан деректер мен Қазақстан спортшылары туралы 30-ға жуық кітаптар қойылып, жалпы спортсүйер қауымның назарына ұсынылды.

Көрмеге қойылған «Сейдахметтің футбол әлемі» атты 2000 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген, «Қазақ олимпиадашылары» атты көп томдық тарихи-деректі басылым Астана қаласының «Жарыс» баспасынан 2011 жылы шықан кітаптарына т.б. кеңінен тоқталып, библиографиялық шолу жасалды.

Шара барысында оқушыларға Қазақ футболының кешегі тарихы мен бүгінгі тынысы туралы баяндалып, Қазақстан футболының 100 жылдығына арнап дайындалған слайд көрсетілді.

3 4

 

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL