Балалар Әлемі
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті
14.05.2012 22:20

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл, 9-мамыр Ұлы Жеңіске 67 жыл және Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті. Бұл кешті кітапханашы Жукенова Меруерт және Жас Ұлан ерлер лицейінің 92 взводтың ұланы Сейітжан жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық, рухани-эстетикалық тәрбие беру және осы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді насихаттау.


2 3

 

Кеште оқу залы мерекеге сай безендіріліп «Отан үшін от кешкендер» атты кітап көрмесі Ұлы Жеңіске арналса, 7 мамырға «Отанға қызмет – абыройлы міндет», тақырыбымен мерзімді басылымдардан тұратын көрме ұйымдастырылды.

«Ұлы Жеңіске тағзым» атты әдеби монтажды 82 взводтың ұландары оқыды, көрермендерге Ұлы Отан соғысы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай «Мен оқыған лицей» атты слайд көрсетіліп, офицер Қуат Ризабекович сөз сөйледі. Осы лицейдің ұландары Мирас пен Әли өз өлеңдерін оқыды.

№17 мектептің оқушылары Тоқанова Мадина, Аразалинов Мағжан «Әлия», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін сыйласа, ал №34 мектептің оқушылары «Шашу»биін биледі. Лицейдің ұландары «Сарбаздар», «Алға, Қазақстан» әндерімен көрермендерді баурап алды.

Кеш бойы экраннан Ұлы Отан соғысы туралы, ардагер жазушылардың еңбектері, батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкке арналған слайдтар көрсетілді. Ұландар да, қатысқан көрермендер де ерекше әсер алып қайтты.


4 5

 

 

 

LAST_UPDATED2
 
Кітап мерекесі аясында ОКЖ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінде №9 орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Кейіпкерлер арқылы ертегіні тап» атты сазды викторина өткізілді.
23.04.2012 21:12

Шараны өткізу мақсатымыз: оқушыларды халық ауыз әдебиетінің ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, тілін, сөздік қорын халық мұрасы арқылы байыту, ертегіні сүйіп оқуға, ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, шыншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кітапхана қызметкері Стамбекова Бақыт ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі екені жайлы айтып берді. Шараға сынып жетекшісі мен осы аталмыш мектеп кітапханашысы Артемова Светлана Васильевна қатысты. Шара барысында оқушалар екі топқа бөлініп, интернеттен ертегілерден үзінділер көрсетіліп, соған байланысты викторина сұрақтары қойылып жауаптар тындалды. Шара қызықты өтіп, балалардың көңілідерінен шықты.

LAST_UPDATED2
 
№2 кітапхана бөлімшесінде «Кішкентай оқырмандардың шынайы досы» атты әдебиет сағаты өтті.
23.04.2012 20:53

№2 кітапхана бөлімшесінде көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналаған интернаттының 2-ші сынып оқушыларының қатысуымен орыс ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі - Маршак Самуил Яковлевич 125 жылдығына арналған «Кішкентай оқырмандардың шынайы досы» атты әдебиет сағаты өтті.

Кітапханашы Дюсупова М.Ш. жас оқырмандарына қызықты бағдарламаларын дайындады. Балаларға С.Я.Маршактың өмірі мен шығармалары туралы слайд көрсетілді. Сонымен қатар С.Я.Маршактың «Пудель» - кішкентай күшік шығармасынан сурет-слайд ты көрді.

Ересек балалар «Маршак еліне саяхат жасады», С.Я.Маршак кітаптарынан өлеңдер оқыды, викторина сұрақтарына жауаптар берді. Балалар С.Я.Маршактың шығармасын жақсы көріп, қызыға оқитындарын көрсетті.

Әдебиет сағатының соңында кітапханашы С.Я.Маршактың кітаптарының мазмұнына қысқаша тоқталып, библиографиялық шолу жасады.

LAST_UPDATED2
 
№ 12 кітапхананың балалар бөлімінде № 27 мектептің 6 сынып оқушыларымен «Әдебиет кейіпкерлерінде қонақта» атты әдеби саяхат өтті
10.04.2012 22:36

1№ 12 кітапхананың балалар бөлімінде Балалар кітабі аптасы аясында № 27 мектептің 6 сынып оқушыларымен «Әдебиет кейіпкерлерінде қонақта» атты әдеби саяхат сайыс ретінде өткізілді. Әдеби саяхат «Бақытты сәт» телеойын бағдарламасы бойынша өтті. Дұрыс жауабын тапқан ойыншыға жетон берілді.

Көп жетон жинаған ойыншы марапатталды. Әділқазылар алқасы ойынның дұрыс өткізілуін бақылады. Сараптама туры 20 сұрақтан тұрды, кітапханашы сұрақ қойып, қатысушылар жауап берді. Берілген жауаптар бойынша ойыншылар анықталды.

Екінші тур «Онан кейін, онан соң» 17 классикалық әдебиет сұрақтарынан тұрды.

Үшінші тур - «Әдеби лото» өткізілді. Ойыншылар алдына 3 стол қойылды. Біріншісінде - жазушылардың аты-жөні, екіншісінде - шығарманың аты, үшіншісінде - басты кейіпкерлерінің аты. Әрқайсысы бірінші столдан 5 карточкадан алады және екінші мен үшінші столдан ұқсаса карточкаларды іздейді, «автор – шығарманыңы аты – басты кейіпкерлер» тіркесін құрайды.

Төртінші тур «Көшбасшыны қуып жету» 15 сұрақтан тұрды. Іс-шара соңында қортындысы шығарылды және жеңімпаздар Серікқазина Ақниет, Мұқашев Еламан жеңімпаз атанып, марапатталды.

 
№6 кітапхана-бөлімшесінде 22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Наурыз-асыл айым» атты әдеби сазды кеш өтті
21.03.2012 08:32

Кештің мақсаты: халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Кешке №8 мектеп-кешенінің 7 сынып оқушылары қатысты, сынып жетекшісі Аманбаева Арай.

Кеш барысында оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беріліп, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсетілді. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, салт-дәстүрлерімізден қойылымдар қойылып, әндер шырқалды.

Кеш соңында «Наурыз» әні орындалып, барлық қонақтар мерекелік дастарқанға шақырылып наурыз көжеден дәм тартты.


SAM 1745 SAM 1762
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 11 12 13 14 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL