Балалар Әлемі
№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде Тіл апталығына байланысты №27 мектептін 4 сынып окушыларымен «Сөз мерген» атты сайыс өтті.
27.09.2012 19:59

1Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, әр ұлттың тілі мен дәстүріне құрмет көрсету.

Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз, көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қыркүйектің 22-сінің Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жариялануы – аса маңызды гуманистік қадам. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барша ұлттар өкілдерінің ана тілге құрмет көрсететін ортақ мейрамы. Сайыс барысында сынып2 оқушыларын екі топқа бөлінді, 1топ «білгірлер», 2 топ «білімділер». Сайыс 3 белестен тұрды:

1 – белес. Мықты болсаң, тауып көр (тұрақты тіркестердің мағынасын табу)

2 – белес. Жүйрік болсаң, озып көр (мақал – мәтел құрастыру).

3 – белес. Ойлы болсаң, озып көр (сөздердің мағынасын ашу).

Сайыстың соңында «білгірлер» тобы жемімпаз атанды.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбымен экскурсия өтті.
17.09.2012 20:24

IMG 0030Кітап – қарым- қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. Осыған байланысты Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбымен экскурсия өтті. Осы іс-шара аясында кітапханамызда жаңа технологияны қолдана отырып экспрес-шолу, ойын сайыстар ұйымдастырылды. Экскурсияға қаламыздың №1, 6, 31, 36 мектептері қатысты.

Мақсаты: әртүрлі формадағы ойындар өткізе отырып олардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

IMG 0036 IMG 9981

Экскурсия күні кітапханамыздың ең бірінші қонақтары болған «Кайнар» колледжінің студенттері. Кітапханашылар алдымен слайд арқылы «Библиорандеву» көрсете отырып, кітапхана бөлімдерімен таныстырды. Оқырмандарымызды жаңа кітаптар,мерзімді басылымдар сондай-ақ электронды кітаптармен таныстырдық. Іс-шара барысында оқырмандарымызбен «Олимпиада» атты викторина өткізілді.

Сонымен қатар іс-шараға келген ең кішкентай оқырмандарымыз олар «Қайнар» мектебінің 1 сынып оқушылары және «Қуаныш» бала-бақшасының тәрбиеленушілері. Оларға «Ертегілер әлемінде» электронды ойын-сайыс өткізілді.

LAST_UPDATED2
 
Білім күніне орай кітапханада «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты өлкетану сабағын № 8 мектептің 8 сынып оқушыларына іс-шара жүргізілді.
11.09.2012 06:05

DSCF2295Мақсаты: Оқушылардың білімдерін шындау, жан–жақтылығын, танымдылығын, жылдамдылығын және логикалық қабілеттерін ашу.

Іс шараны өткізу барысында Семей қаласының педагогикалық институтының Оңтүстік Кореяда оқитын Ержан Тлеубергенов, Айдын Түлегенов, Инара Тусеева, Лилия Мустафина, Балжан Ерсаханова, Ася Хасанұлы т.б.студенттерімен скайп арқылы № 8 мектептің 8 сынып оқушыларымен ақпараттық технологияға байланысты тікелей сұхбат жүргізілді. Тікелей сұхбат арқылы шетелде оқитын студенттерге оқушылар Шетелде оқу үшін қандай талап керек?, Қанша тіл білесіздер?, Білімді елдің із басарымын деп өздеріңізді ойлайсыздар ма?, Қай мектепті бітірдіңіздер?, Тағамдары қандай?... деген сұрақтарды қойып өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында оқушылар арасында «Кім көп біледі», «Кім жылдам» атты тақырыпта жарыс сабағы өткізілді.

DSCF2302 DSCF2303

 

 
Жазғы уақытта Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ең кішкентай оқырмандарымыз «Қуаныш» бала-бақшасының бүлдіршіндеріне «Таңғажайып ертегілер әлеміне» тақырыбымен саяхат өтті.
04.09.2012 23:19

014Ертегілердің кейіпкерлерімен бүлдіршіндер кішкентай күнінен бастап танысады.Бала ертегі оқи отырып, сол кейііпкерлерге ұқсағысы келеді. Мысалы «Түймеқыз», «Қызыл телпек», «Ұйқыдағы ару» т.б. Оқу баланың есте сақтау қабілетін, сөйлеу мәнерін, сенімділігін, белсенділігін арттырады.

Шараның мақсаты: Балаларды кітапханамен таныстыра отырып, оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Шара ойын түрінде өтті. Кішкентай оқырмандарға «Ертегіні тап?» атты ертегі-викторина, «Ертегіден келген жеделхат», «Кейіпкерді тап?» атты ойын жүргізді. Кішкентай оқырмандар шара барысында белсенді қатыса отырып, өздерінің оқыған ертегілерін айтып берді. Шара соңында оларға сүйікті ертегі кейіпкерлерін салу тапсырылды.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Болашақ бүгіннен басталады» акция аясында балалар жазушысы, әрі ақын Евгений Алексеевич Титаевпен «Кішкентай балалардың сүйікті досы» атты кездесу кеші өтті
19.06.2012 00:06

«Болашақ бүгіннен басталады» атты Республикалық акция аясында жазушы, әрі ақын Евгений Алексеевич Титаевпен «Кішкентай балалардың сүйікті досы» атты кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесуге №43 мектептің жазғы демалыс лагерінің оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жазушының еңбек жолымен шығармашылығымен оқушыларды таңыстыру, өлкеміздің жазушыларын насихаттау.


1 3

 

Кітапхана қызметкері жазушының бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтқан өмірі мен шығармашылығына тоқталып, сөз кезегін ақынға берді. Жазушы «Доктор Стук», «Сказки моего города», «Ветерок, давай дружить», «Тайфун находит друга» т.б өлен жинақтарынан үзінді оқыды. Титаевтың шығармашылығына байланысты слайд көрсетілді.

Кездесу кешінде оқырмандар өз ойларында жүрген көптеген сұрақтары: Сіз кез келген уақытта өлең шығара аласыз ба?», «Шәкірттерініз бар ма?, "Неше жастан кітап жаза бастадыңыз?" қойылып, жауаптарын алды.

Шара барысында №43 мектептің 2 сынып оқушысы Аккалиев Санджар Семей қаласына арналған өленді оқып, «Атамекен» әнің орындап берсе, Оразгалиева Асель «Полька» биің билеп берді.

«Кітап – рухани азық» - деп бекер айтпаса керек. Білімді кітаптан үйренесің. Кітапхана – ақпараттық, мәдени - ағартушылық, ғылыми – зерттеушілік мекеме. Мынау жылдам қарқында дамып бара жатқан заманда ой маржаны да, сөз маржаны да – кітапта қалары сөзсіз. Сондықтан да біз кітапханашылар балаларды кітаппен дос болуға шақырамыз!


6 7

 

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL