Балалар Әлемі
№6 кітапхана-бөлімшесі №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларына арнап «Өз құқығыңды білесің бе?» атты брейн-ринг өткізді.
24.01.2013 19:00

Шараның мақсаты: Оқырмандарды өз құқықтарын білуге үйрету, оның маңыздылығын ашып көрсету. Демократиялық қоғамның негізгі принципі - заң алдында барлығының тең екенін түсіндіру, ұғындыру. Өздерінің құқығын қорғай білуге тәрбилеу. Шара барысында сынып оқушыларын екі топқа бөліп төрт бөлімнен тұратын брейн-ринг ойыны ойнатылды. Екі команда «Әділет» мен «Ақиқат» жарысқа түсті.

Брейн-ринг ойыны: «Блиц - сұрақ», «Ой талқы», «Ой жалғау», «Ой елегінен өткіз» деген бөлімдерден тұрды. Ойын соңында брей-рингтің қорытындысы шығарылды. Бірінші топқа қарағанда белсенділік көрсеткен, білгірлігімен көзге түскен «Ақиқат» тобы бірінші орын алып, алғыс хатпен марапатталды. Шара барысында оқушылар заңның қолданылу аясы, заңның шығарылуы және өздерінің жеке бастарының құқықтары туралы ақпараттар алды.


1 2
 
№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде №30 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Қарлы патшалығында, аяз мемлекетінде» атты брейн – ринг өтті.
26.12.2012 12:08

1Мақсаты: оқушылардың танымдық логикасын және ойлау қабілетің арттыру, ой өрісің кеңейту.

Әлемнің барлық халықтары көңілді жаңа жыл мейрамды тойлайды. Жер шардың қай жері болсада, жаңа жылдан көпшілік қауым, келешектен жарқын үміт күтеді. Балаларға жаңа жылдың басқа халықтар қалай тойлайтыны туралы айтылды. Бұдан кейін 3 турдан тұратын брейнг-ринг ойыны ойнатылды. Екі команда «Қар бүршігі» мен «Бұрқасын» жарысқа түсті, «Есіне түсір» және «Блиц - сұрақ», «Мақал-мәтелді жалғастыр» деген бөлімдерден тұрып, қатысушылар белсене қатысты. Ойын соңында брейн-рингтің қортындысы шығарылды. Сайыста «Қар бүршігі» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға сый – сияпат таратылды.

 
№12 кітапхана - бөлімшесінің балалар бөлімінде №30 мектептің 4 «б» сынып оқушыларымен «Сүйікті жазушының сүйікті кітаптары» атты әдеби сағат өтті.
29.11.2012 09:01

1Мақсаты: Э. Успенскийдің шығармашылығы туралы білімдерің кеңейту; сөйлеу қабілеттерің, шығармашылық және логикалық ойларын дамыту.

Шара басында жазушының өмірі мен шығамашылығына тоқталды.

Балалар екі топқа бөлінді. «Дядя Федор, пес и кот», «Чебурашка и крокодил» және Успенскийдің кітаптары боыйынша викториналар өткізілді. «Меховой интернат», «Гарантийные человечки» деген кітаптарға тұсау кесер өткізілді.

Шара соңында жеңімпаздар анықталып, жеңімпаздарға сый сияпат таратылды. Успенскийдің сөзіне жазылған «Голубой вагон» деген өлеңді балалар бірлесе орындады.

 
ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі №9 орта мектептің 5 "а" сынып оқушыларына арнап "Мен-тәуелсіз мемлекеттің азаматымын" атты ойын-сайыс өткізді.
27.11.2012 00:03

Шараның мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Шара барысы слайд көрсетіле отырып жүргізілді. Оқырмандарға Қазақстан тарихы бойынша блиц-сұрақтар қойылып, мемлекеттік рәміздерге арналған "Жоқ","иә" ойыны ойнатылды. Сонымен қатар шарада қазақтың ұлттық ойындарымен жақынырақ танысты.


SAM 4115 SAM 4127
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында № 34 мектептің 8 «Д» сынып оқушыларымен «Ата мұрам -асыл қазынам» -атты этнографиялық сайыс болып өтті.
06.10.2012 08:04

Бұл сайысты Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Жүкенова М.Т. және Ахметкалиева К.Н. дайындап өткізді.

Этнографиялық сайыстың мақсаты: оқушыларды қазақтың халық шығармашылығына және салтына қызығушылығын арттыру.

1Кітапхана қызметкерлері «Қымбат мұра» атты иллюстрациялы кітап көрмесін ұйымдастырды және «Жас этнограф» атты библиографиялық шолу жасады.

Кітапханашылар оқушыларға қызықты бағдарлама дайындады. Этнографиялық сайыс 3 турдан болды:

1 тур: «Мақал- мәтелдер»

2 тур: «Сәттілік»

3 тур: «Халық ойыны»

Оқушылар көптеген күрделі тақырыптық сұрақтарға жауап берді және қызықты ойындар ойлап тапты. Жүргізушы мақалды қазақ тілінде оқыды, оқушылар мақалды орыс тілінде айтты. Екінші турда сәттілік қазақтың салт-дәстүрін, тұрмыс-салт, киім, фольклор, қазақ әндерін жақсы білетіндерде болды. Қазақтың халық ойындарын берілген бұйымдарға, заттарға қарап білу, үшінші турда ойынның шартын түсіндіру керек болды. Сайысқа қатысушылар Жукенова Жаннур, Темирханова Жұлдыз, Бейбітова Лаура өздерінің дәстүрін, мәдениетін жетік білетіндерін дәлелдеп «алтын қазынаның» лайықты мұрагерлері екенін айқындады.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL