Балалар Әлемі
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қуаныш» балабақшасының жоғары тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ғажайыпқа толы - жаңа жыл» атты жаңа жылдық конфетти өткізді.
08.10.2023 15:34
85

Жаңа жылдық шара барысында кітапханашы Жаңа жыл - ертегі ғажайыптар мен сыйлықтар, тосын сыйлар мен тілектер мерекесі екенін, сондай-ақ, сиқырлы мерекенің басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келетіндіктен бұл мерекені балалар асыға күтетінін атап өтті.

Іс-шарада балалар әр елдегі Жаңа жыл мерекесінің тарихы туралы біліп, жаңа жылдық әндер шырқап, әсем шыршаның айналасында дөңгелек би өткізіп, өлеңдер айтып, жұмбақтар шешіп, түрлі ойындарға қатысып, тапқырлық пен ептілік танытты.

Жаңа жылдық шараға белсенді қатысқаны үшін балалар шағын сыйлықтарға ие болды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесі «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
08.10.2023 15:31
84

Кеш басында кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс екенін атап өтті. Іс-шараға қаланың Балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты. Қатысушылар назарына Қабдығалиева Сабинаның қобыз аспабында орындауындағы «Махаббат сезімі» шығармасы, Жалғасов Нұрымның орындауында «Балбырауын» күйі, сондай-ақ Үсенова Толғанайдың орындауында «Үкілі қыз» биі ұсынылды.

Кітапхана қызметкерлері Кенжеханова Гүл мен Хайрылханова Индира «Ақ бидай» әнін орындаса, ал Айдынқызы Жансұлу Қалқаман Сариннің «Еркіндігім» өлеңін оқыды. Музыкалық кеш «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Арбат кездесулер» атты акция аясында «Оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз!» атты ойын алаңын ұйымдастырды.
08.10.2023 15:24
83

Іс-шара барысында қатысушылар «Ұяшықтағы шарды жару», «Сиқырлы балық» танымдық ойындарына қатысып, «Кітаппен беймәлім кездесу» сыйлық көрмесін және «Естелікке бір фото» фотозонасын тамашалады.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Арбат алаңында «Жарқын балалар мерекесі» атты көңілді іс-шаралар күнін өткізді.
08.10.2023 15:18
82

Іс-шара басында кітапхана қызметкері балаларды мерекемен құттықтап, мерекенің тарихы туралы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар, «Балаларға күн шуағын шашайық!» кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Балалар көрмеде ұсынылған кітаптармен танысып, ән айтып, өлең оқыды, викторина сұрақтарына жауап бере отырып, сыйлықтар алды.

Арбат көшесінде асфальтта сурет салу, жұмбақ шешу сайыстары өтті. Жарысқа балалар белсене қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ «Кітап театры» аясында «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік» т.б. ертегілерінен түлкі, қасқыр, қоян, аю сынды кейіпкерлер балалармен бірге ойнап, ертегілер әлеміне естен кетпес қызықты саяхат жасады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара көңілді әрі қызықты өтті. Шара соңында балалар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында №12 кітапхана-бөлімшесінде №27 мектептің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры» атты ертеңгілік өткізді.
08.10.2023 14:15
81

Іс-шара барысында кітапханашы барлық балаларды мерекемен құттықтай отырып, мерекені атап өту тарихына тоқталды, жаздың бірінші күніне келетін балаларды қорғау күні тек балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектерге балалардың үнемі қамқорлық пен қорғауға мұқтаж екенін және үлкендердің оларға жауапкершілігін еске салу күні екенін атап өтті.

Ертеңгілікте Қайнар колледжінің 3 курс студенті Камбарова Алина мен М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенті Шаушимова Назгүл балаларға жүрекжарды құттықтауларын жеткізді, №44 мектептің 2 сынып оқушысы Нұртаза Мерей ән айтып, би биледі.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL