Балалар Әлемі
Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде «Балаларды қорғау» күніне арнап «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өткізілді.
06.06.2012 22:43

1Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде «Балаларды қорғау» күніне арнап «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шара өткізілді. Шара викторина түрінде болды. Мерекелік шараға №22 орта мектебінің жазғы лагерь бастауыш сынып демалушылары қатысты.

Шара мақсаты: Балаларды ертегілердің әр түрімен таныстыру, оқырмандық қызығушылығын арттыру. Балаларға ертегілердің қызықты әлемін, олардың данышпандығы мен сұлулығын көрсету. Ойлау, сөйлеу, қиялдау, есте сақтау қабылеттерін дамыту. Кітап оқуға тұрақты қызығушылығы мен ниетін нығайтуға тәрбиелеуге ат салысу. Қайырымдылыққа сенуге, сүйіспеншілік пен достыққа, зұлымдықты жеңуге болатынына тәрбиелеу.

Кішкене оқырмандарымызға ұлы ертегішілердің шығармаларынан сұрақтар алып қойылды. Осы викториналық сұрақтар арқылы оқырмандарымыздың қаншалықты ертегі кейіпкерлерін білетіндерін, олардың кітапты қалай оқитындарын байқадық.

Слайд көрсетіліп, бүлдіршіндерімізге «Телеграмма конкурсы: Менің сүйікті кейіпкерім», «Жұлдызды сағат: Ертегілер жайында тест» атты викториналық сұрақтар қойылып жауап алынды.

Шара соңында «Маша и медведь» атты мультфильм көрсетіліп, «Қазақстан жазушылары балаларға» акциясы аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

2 3
 
Рәміздерім-мақтанышым (Ойын -викторина)
06.06.2012 21:47

1ОҚЖ филиалының №2 бөлімшесінде №20 мектептің жазғы лагерінің 5-6 сынып оқушыларымен кітапхана қызметкері Нукушева С.К. «Рәміздерім мақтанышым» атты ойын- викторина өткізді.

Ойын-викторинаның мақсаты : оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Балаларға рәміздер туралы слайд көрсетіліп, оқу мәдени шара барысында балалар викторина сұрақтарына жауап берді. Кітапхананың оқу залында «Мемлекеттік рәміздер» атты кітап сөресі безендірілді. Сонымен қатар ежелден бүгінгі күнге дейінгі рәміздердің тарихы туралы әдебиеттерге шолу жасалды.

LAST_UPDATED2
 
Қазақстан жазушылары – балаларға
31.05.2012 21:36

ОКЖ №12 ф. балалар бөлімінде «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Мақсаты: Қазақстан жазушыларының шығармаларымен таныстыру; әдебиетке қызығушылығын тудыру және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап көрмесі 25 мамыр 1 маусым аралығында өтетін «Қазақстан жазушылары – балаларға» деген акциясына арналған. Кітап көрмесінде 70-ден артық басылымдар көрсетілді. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы», «Балалар әдебиеті», «Жас дәурен», «Тамыр» серияларының кітаптары және «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар ұсынылды. Тұсаукесерде сонымен қатар 3 кітаптық «Қазақ балалар әдебиеттінің хрестоматиясы» және «Қазақ балалар поэмасының антологиясы» ұсынылды. Мерзімді басылымдардан «Жыл он екі ай» журналы көрсетілді, онда Қазақстан жазушыларының балаларға арналған шығармалары жарияланып отырады.

Оқырмандар кітап көрмесіне қызығушылық көрсетті.


1 2
LAST_UPDATED2
 
ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесінде «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер» атты кеш өтті
14.05.2012 22:28

SAM 2381ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесі 9 мамыр-Жеңіс күніне арнап оқырмандарды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру мақсатында, сонымен қатар соғыс батырларының ерлік істеріне тереңірек үңіле түсу, ерліктерін оқып үйренуге, тарихи деректер бойынша тұжырымдай білуге, Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға, ерлікке баулуға, патриоттық тәрбие беру мақсатында №18 орта мектептің 4 сынып оқушыларына арнап «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер» атты тақырыптық кеш өткізді. Шараға сынып жетекшілері Асылбаева Алма Кенесбекқызы мен №18 орта мектептің кітапханашысы Қасенова Самал Құматайқызы қатысты. Шара барысы ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен, есімдері мәңгі есімізде сақталған батыр аға-апаларымызды ерен ерліктері туралы айтыла отырып, «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер» тақырыбында дайындалған слайд көрсетіле отырылып жүргізілді. Сонымен қатар шара барысында 4 «а» сынып оқушыларының Ұлы Жеңіс тақырыбына орай дайындап әкелген көріністері көрсетіліп, әдеби-монтаж оқылды. «Ұландар маршы», «Атамекен», «Шекарашы сар баздар» әндері айтылып, «Смуглянка» биі биленді. Шараға белсене қатысқан 4 «а» сынып оқушылары: Хасенова Д., Советбекова Ә., Болатов А., Беккәрімова А., Амангалиев Е., Жакиянов Р., Тургаев Дамир. Шара соңында «Ер есімі, ел есінде» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

SAM 2392 SAM 2404
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті
14.05.2012 22:20

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл, 9-мамыр Ұлы Жеңіске 67 жыл және Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай "Жеңістің жырын жырлайық" атты музыкалық композициялық кеш өтті. Бұл кешті кітапханашы Жукенова Меруерт және Жас Ұлан ерлер лицейінің 92 взводтың ұланы Сейітжан жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық, рухани-эстетикалық тәрбие беру және осы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді насихаттау.


2 3

 

Кеште оқу залы мерекеге сай безендіріліп «Отан үшін от кешкендер» атты кітап көрмесі Ұлы Жеңіске арналса, 7 мамырға «Отанға қызмет – абыройлы міндет», тақырыбымен мерзімді басылымдардан тұратын көрме ұйымдастырылды.

«Ұлы Жеңіске тағзым» атты әдеби монтажды 82 взводтың ұландары оқыды, көрермендерге Ұлы Отан соғысы туралы викториналық сұрақтар қойылды. Ш.Уалиханов атындағы Жас Ұлан ерлер лицейіне 17 жыл толуына орай «Мен оқыған лицей» атты слайд көрсетіліп, офицер Қуат Ризабекович сөз сөйледі. Осы лицейдің ұландары Мирас пен Әли өз өлеңдерін оқыды.

№17 мектептің оқушылары Тоқанова Мадина, Аразалинов Мағжан «Әлия», «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін сыйласа, ал №34 мектептің оқушылары «Шашу»биін биледі. Лицейдің ұландары «Сарбаздар», «Алға, Қазақстан» әндерімен көрермендерді баурап алды.

Кеш бойы экраннан Ұлы Отан соғысы туралы, ардагер жазушылардың еңбектері, батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкке арналған слайдтар көрсетілді. Ұландар да, қатысқан көрермендер де ерекше әсер алып қайтты.


4 5

 

 

 

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL