Балалар Әлемі
№12 кітапхана-бөлімшесінде «Жануарлардың және өсімдіктердің «Қызыл кітабы» атты саяхат-сабағы №27 мектептің 5 «а» сынып оқушыларына арналып өтті.
08.04.2013 23:22

Шараның мақсатты: адамдардың табиғатқа деген қарым-қатынастарын қалыптастыру, оқушыларды «Қызыл кітаптың» шығу тарихымен таныстыру. Оқушылардың табиғатқа деген жалпы шығармашылық көзқарастарын дамыту, табиғатқа мейіріммен қарап, табиғат аясында өздерін қалай ұстап оны аялай білу керектігіне тәрбиелеу.

Саяхат-сабағы барысында кітапханашы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер және жан-жануарлармен таныстырып, «Қызыл-кітаптың» маңызына тоқталды. Шарада балалар сөзжұмбақтарды шешіп, табиғат туралы өлеңдер оқыды.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Астана – арман қала» атты виртуальды саяхат жүргізілді.
21.03.2013 23:43

1Мақсаты: Әр оқырманды өзінің туған жеріне, өлкесіне деген қызығушылығын арттырып, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту.

Астана – бүгін мен ертеңнің ғана емес болашақтың қаласы. Кең даланың қақ ортасында сағымдай болған Хан шатыры, Астана Бәйтерек, Пирамида, көгілдір түске боянған сарайлары, музыка әуеніне елтіген су бұрқақтары және соңғы үлгіде салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер-сәулет өнеріндегі үздік туындылардың бірегейі. Осының бәрі санаулы жылдарда бой көтеріп, әлемді аузына қаратты. Сондықтан, барша қазақстандықтар өз елін, өз Астанасын мақтаныш етеді. Шара барысында оқырмандар назарына «Астана – мерейім, мәртебем, беделім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Оқырмандар өздеріне қажетті мағұлматтармен танысып, Елордамыз Астанаға тағы бір қадам жақындады деген ойдамыз.

 
Ағымды жылдың Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Михалковтың мерейтойына асығайық» атты бір автордың көрмесі кішкентай кітапхана оқырмандарына арналып ұйымдастырылды.
15.03.2013 08:10

Мақсаты: жазушының кітаптарымен оқырмандарды таныстыру, жазушы еңбектерінің мазмұнын ашып және оны терең түсунуге мүмкіндік туғызу, кітапқа деген қызығушылықтырын арттыру.

Биыл жазушы, мысалшы, ақын Сергей Владимирович Михалковтың туғанына 100 жыл. Оның өлеңдері ересектерге де кішкентайларға да жақсы таныс. Жұрттың көбі үшін оның есімі бүркеншік атпен – ең басты, кең тараған әрі сүйікті шығармасының атымен белгілі еді. Ол шығармасы 1935 жылы жазылған және тұңғыш рет балалар «Пионер» журналында жарияланған балалар поэмасы «Стёпа ағай» («Дядя Стёпа» ).


5 6

Көрмеге жазушының әр түрлі басылымдарынан шықан кітаптары, шығармаларына арнап суретшілер жасаған иллюстрациялар, мерзімді басылымдар, экранға түскен фильмдерден алынған фотокадрлар және т.б. қойылды. Кітапханаға келген оқырмандар көрмені тамашалап қызығушылықтарын білдірді. Көрмедегі кітаптарды көргенде балалар теледидардан көрген анимациялық ертегілерін естеріне түсіріп өздерінің пікірлерімен бөлісті.

 
Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесінде № 32 мектептің 2,3 сынып оқушыларымен Сергей Михалковтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Ертегілер елінде» атты ертеңгілік болып өтті.
15.03.2013 08:06

Балалар әдебиетінің классигінің негізін қалаушы Сергей Михалковтың бірінші жарық көрген ең танымал шығармасы «Дядя Степа» атты поэмасымен танылды. Сонымен қатар ол кең таралған кинофильмдер мен мультфильмдердің авторы.

Поэмадағы басты кейіпкер «Дядя Степаны» Сергей Михалков өз бейнесімен байланыстырады. Батыр да батыл Дядя Степа небір ғажайыптарды жасап, адамдардың өмірлерін құтқарып, үнемі қамқор көрсетіп жүрген.

Іс-шара барысында балалар жазушының өлеңдерін оқып, «Мимоза», «А что у вас?», «Как старик корову продовал» атты шығармаларынан көрініс көрсетті. Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты слайд көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сергей Михалков – кішкентай оқырмандардың жан дүниесін тебірентетін ақын.

Іс-шара «Дядя Степа – миллиционер» атты мультипликациялық анимациямен аяқталды.


SAM 1512 SAM 1531
SAM 1541 SAM 1545


 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №17 мектептің оқушыларының қатысуымен «Аналар мерекесі» атты ертеңгілік өтті.
11.03.2013 00:00

2Бұл шараға көрермендер ретінде «Қуаныш» бала-бақшасының тәрбиешілері, «Қайнар» мектеп – гимназияның мұғалімдері және №9 МСКО-ның дәрігерлері қатысты.

Мақсаты: Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін түсіндіру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Ертеңгілік барысында №17 мектептің оқушылары арнайы дайындап әкелген концертік программаларын көрермендер назарына ұсынды. Іс-шара барысында көрермендер арасында «Аналар мерекесі» атты слайд арқылы викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Қатысушы көрермендер ойынға қызығушылықтарын білдіріп, өте жақсы қатысып отырды. Белсенді қатысқан аналарға сыйлықтар табыс етілді.

Келесі кезек әсем әуенге ұласып № 17 мектептің 2 сынып оқушылары Дынғазиева Қарақат, Балқашқызы Аида, Аразалинова Дилара «Менің әжем», «Сағындым әжем», «Анашым» әндерін нақышына келтіріп, орындап берді. Балалар «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым» атты әдеби монтаж қойса, ал сыныптың оқушылары «Ана мен бала» тақырыбында көрініс көрсетті.

Сондай-ақ оқу залында «Анаға күн шуағын шашайық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Мерекелік ертеңгілікке қатысып, өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларға кітапханашы сыйлықтар берді. Шара барысында би де биленіп, ән де шырқалып көрермендер мерекелік көңіл-күй алып қайтты.

4 5
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL