Балалар Әлемі
№2 кітапхана-бөлімшесінде №35 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен 1-желтоқсан Елбасы күніне арналып «Біздің Елбасы» атты таным сағаты өткізілді.
04.12.2013 22:29

Мақсаты: Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімін, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Отаншылдыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Шара әнұранмен басталды. Былтырдан бері Елбасы күні мемлекеттік мереке болып тойланып келетіні жайлы айтылды. Интелектуалдық тақта арқылы Елбасының балалық шағы, өмірі, еңбек жолы, бала Сұлтанның зеректігі туралы, отбасы, Елбасының халықаралық наградалар мен құрметті атақтарға ие болғаны жайлы слайд арқылы көрсетілді. Шара «1желтоқсан-Елбасы күні» атты кітап сөресіне шолумен аяқталды.

2 3
 
Сенің бірінші энциклопедияларың
06.11.2013 10:28

№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Сенің бірінші энциклопедияларың» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өтті. Шараға №30 мектептің 3 «б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі М.В.Скворцова қатысты. Мақсаты: балаларды энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктермен таныстырып, олардың құрылысы туралы және оларды қалай қолдану керек екенін түсіндіру, үйрету.

   Сабаққа арнап анықтамалықтар мен сөздіктер, энциклопедиялар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларға энциклопедиялардың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін, және олар бірінші көмекші, адал достар екенін атап өтті. Сонымен қатар балаларды әр түрлі сөздіктермен, анықтамалықтармен таныстырып, оларды қолдану әдістері көрсетілді. Сабақтың аяғында балалар өз беттерімен керекті энциклопедиялар мен сөздіктерді қолданып, жұмыс жасап, дұрыс жауаптарды тауып, тапсырмалар орындады.

deti knigi
 
«Қазақстан - рухани келісім орталығы»

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Рухани келісім күніне орай «Қазақстан - рухани келісім орталығы» атты хабарлама сағаты өтті.

 

Мәдени шараға №16 мектептің 9 сынып оқушылары және Семей көпсалалы колледжінің 1 курс студенттері мен Қайнар колледжінің студенттері қатысты.

 

Шараға № 16 мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Исенғожина Назгүл Тұрсынғазықызы, Шәкәрім атындағы педагогика университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абикенов Мұхит Төкенұлы, «Ахау-Семей» орталығының жетекшісі Күлжихан Жұматайқызы, Татар орталығының мүшесі Анар Амангелдіқызы қатысып, Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа Елбасының сарабдал саясаты арқасында қол жеткізіліп отырғанын атап өтті. Бұл ретте әр адамның рухани келісім туралы түсінігінің молдығы да маңызды. Елімізде түрлі ұлт өкілдері діни наным-сенімдерінің әртүрлілігіне қарамастан, тату-тәтті өмір сүріп келеді деп ой-пікірлерін білдіріп, ел бірлігінің маңызы зор екендігін атап көрсетті.

 

 

 

 

 

Шараның мақсаты: Қазақстанның құндылықтары - Тәуелсіздікті, бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, отансүйгіштікті, ел жетістігінің басты кепілі ретінде этноаралық және конфессиялық толеранттылықты әрі қарай нығайту.

 

Колледж, мектеп оқушылары рухани келісім туралы өз ойларын айтса, № 16 мектеп оқушысы Аханғали Томирис «Рухани келісім» атты өзі шығарған өлеңін оқыды. №16 мектептің кітапханашысы Айгүл Пизулиқызы өз ойын айтып іс-шараға қатысқандарға рахметін айтты.

 

225445658 367567656790 45758769867982345


 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында қаламыздағы №31 мектептің «Балдәурен» жазғы лагерінің оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздеріміз – ұлт мақтанышы» атты слайд-сабақ өткізілді.
12.06.2013 22:12

Шара әнұранмен басталды. Кітапханашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін экраннан слайд арқылы көрсете отырып таныстырды. Келесі кезекте №31 мектептің «Балдәурен» жазғы лагердің оқушылары «Рәміздерім – мақтанышым» атты әдеби-монтаж қойды. Кезек көңілді әнге ұласып, қыздар триосы Б. Тлеухановтың «Елім менің» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Балаларға арналған қызықты викториналық ойындар да қызықтыра түсті. «Тосын сый» мұнда шардың ішінде сұрақ пен сыйлық болды. Дәл тауып айтса, сыйлықты ұтып алады, ал таба алмаса көрермендерге кезек берілді. «Қазақстан» жазуымен жазылған шарларды ретімен орналастыру ойыны да өте тартымды болды. Бұл ойынның тәртібінде көзі байланған оқушы шығып «Қазақстан» жазуын ретімен орналастыру керек болды. Кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер» атты кітап көрмесі таныстырылды. Iс-шара Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.


1 2 3
 
№2 кітапхана-бөлімшесінде №35 мектеп кешенінің жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Балғын балалық шақ!» атты суреттер сайысы өткізілді.
07.06.2013 00:00

Шара барысында кітапханашы Балаларды қорғаудың халықаралық күні мейрамының шығу тарихы жайлы оқушыларға айтып өтті. Бұдан соң оқушылардың тақырып бойынша салған суреттерін тамашалап, сайыс қорытындысы бойынша №35 мектептің 3 «б» сынып оқушысы Дузбембетова Диананың суреті ең үздік деп танылып, марапатталды.

Сонымен қатар кітапхана қызметкері кітапхана жайлы ақпарат беріп, тұрақты оқырман болуға шақырды. Сайыс соңында «Біз бақытты баламыз!» атты тақырыптық сөреге библиографиялық шолу жасалды.


1 2 3

 

 

 

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL