|
Цемент кентінің кітапхана-бөлімшесінде Экологиялық тәрбие беруге арналған «Табиғат – біздің досымыз» атты әңгіме-ойын өтті. |
|
15.07.2026 15:30 |
|
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері балаларға табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, қоршаған ортаны қорғау, ағаштарды күтіп-баптау, құстар мен жануарларға қамқорлық жасау, табиғатты таза ұстаудың маңызын түсіндірді. Балалар табиғат туралы қызықты мәліметтермен танысып, өз ойларын ортаға салды.
Әрі қарай «Сөзді тап» ойыны ұйымдастырылып, балалар өз білімдерін сынады. Ойын барысында олар сын есімдерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) сәйкестендірді. Мысалы: қалың орман - сирек орман, үлкен аң - кішкентай аң сияқты тапсырмаларды орындады.
Сонымен қатар табиғаттың ғажайып жануарлары мен өсімдіктері туралы танымдық ақпарат берілді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында блиц-сауалдар, ойындар мен экологиялық викториналар өткізілді. Барлық тапсырмалар жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбына арналды. |
|
|
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қуаныш» балабақшасының ересек тобының қатысуымен ұлттық домбыра күніне арналған «Қазақтың бренді-домбыра» атты әдеби шолу өтті. |
|
15.07.2026 15:27 |
|
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері қазақ халқының тарихы, шежіресі, қуанышы мен мұңы, екі ішегіне бүкіл халықтың тағдыры сыйған киелі аспап - домбыра туралы әңгімелеп, домбыра жайлы қызықты мәліметтер айтып, көне аңыздарды баяндады.
Әрі қарай халыққа өшпес мұра қалдырған қазақтың ұлы күйшілері: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы және Дина Нұрпейісова туралы мағлұмат берілді.
Балалармен «Домбыраның неше ішегі бар?», «Күй атасы атанған күйші кім?», «Ұлттық домбыра күні қай мезгілде атап өтіледі?», «Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?» деген сұрақтар бойынша сұрақ-жауап кезеңі өткізілді. Сонымен қатар домбыра туралы бейнеролик көрсетіліп, күйлер тыңдатылды.
Кітапхана қызметкері Букашева Эльмира оқырмандарға домбырамен ән орындап, ұлттық аспаптың бөліктерімен таныстырды.
Іс-шара соңында оқырмандар домбыра бейнесіндегі пазл құрастырып, кітап көрмесімен танысты.
|
|
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында //// қатысуымен «Бас қаланың басты жетістіктері» атты буктрейлер өткізілді. |
|
15.07.2026 15:10 |
|
Іс-шараның барысында «Бас қаланың басты жетістіктері» атты буктрейлер ұсынылып, кітапхана қорындағы Астана туралы әдебиеттер мен энциклопедиялық басылымдарға шолу жасалды. Сонымен қатар «Сен Астана туралы не білесің?» атты сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Балалар елорданың тарихы, мемлекеттік рәміздер, Астананың көрікті жерлері мен маңызды мерекелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
|
|
№2 кітапхана-бөлімшесінде кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты тарихи хроника өтті. |
|
15.07.2026 15:06 |
|
Кітапхана қызметкері Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астананың тарихы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қала атауының өз тарихында бірнеше рет өзгергеніне тоқталып, Астана күні 2006 жылдан бері жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетінін айтты. Бүгінде Астана Еуразия кеңістігіндегі маңызды орталықтардың біріне айналып, заманауи сәулет өнерінің озық үлгілері бой көтерген, тың идеялар мен батыл жобалар жүзеге асырылған қала екендігі айтылды.
Іс-шара жалғасында қатысушылар Астана туралы өлеңдер оқып, әндер орындады. Сондай-ақ «Астана туралы не білеміз?» атты сұрақ-жауап викторинасына қатысып, өз білімдерін сынады. Қатысушылар елордаға жасаған сапарларынан алған әсерлерімен бөлісіп, қала туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
|
|
Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Астана қаласына саяхат» танымдық калейдоскоп өткізді. |
|
15.07.2026 15:01 |
|
Іс-шараның басында кітапхана қызметкері Астана қаласының еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ елорданың тарихы туралы әңгімелеп, оның Ақмола қаласынан Қазақстанның бас қаласына айналу кезеңдері мен бүгінгі жетістіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Танымдық калейдоскоп барысында «Астана туралы не білеміз?» және «Елорданың символдары» атты сұрақ-жауап ойындары мен викториналар ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ Астана туралы өлеңдер оқылып, туған жер мен Отанға арналған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер айтылды.
Іс-шара соңында «Астана қаласына саяхат» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға елорда тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттер таныстырылды.
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |