Ресурстар
05.12.2010 18:03

ОКЖ кітапханалары заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы  толыққанды ақпараттармен оқырманды қамтамасыз етіп отыр. Кітапхана оқырмандарына жаңа дәуірде, жаңа дәстүрде қызмет етіп,  жұмыс саласында жаңа ақпараттық  технологияларды  пайдалана  отырып қызмет  көрсетуде. Кітапханада оқырмандарға кез келген ақпаратты тез әрі нақты тауып, дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру үшін барлық жағдайды жасай отырып  жұмыстар атқаруда.

Кітапхана өз оқырмандарына  тасымалдаушының барлық түрін үлгілерін, стандарттарын және олардың өңдеу көшірмелерін дайындау компьютерде теру, сканерлеу, қосымша ақпараттар мен құжаттардың аналитикалық-синтетикалық өңделуін  орындау, кітапханадан тыс көшпелі іс-шараларға ақпараттық-көрмелерді ұйымдастыру, кітапханаларда басылған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен басқа да құралдарды ұсыну қызметін атқарады.

Кітапхана процестерін компьютерлендіру барысында Интернет қорын пайдалануға байланысты кітапханада барлық  мүмкіндіктер жасалған,  сонымен қатар электронды поштаның жұмыс істеу мүмкіндіктері жолға қойылған. Электронды каталогтардың мәліметтер базасы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Карточкалық каталогтарды  электрондық түрге алмастыру, пайдаланушылардың ақпараттық қорды жылдам іздеуіне жәрдемдеседі.

Құжаттарды электронды жолмен жеткізу (электронная доставка документов) жолы  жұмыс істейді.  «Каталогизатор», «Оқырман» моделдері пайдаланылуда.

«Детская энциклопедия Кирилла и Мефодия», «Мир природы», «Рефераты и сочинения. 2005. История». Орыс тіліндегі мультимедиялық «Кирилл және Мефодий балалар энциклопедиясы» әр түрлі үлгідегі слайдтармен, суреттермен, дыбыс фрагменттерімен, кинохроникада қолданылатын бейнефрагменттермен, бейнесюжеттермен, интерактивті панорамалармен, географиялық карталармен толықтырылған.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  кітапхана  үрдістерін толық қамтитын «ИРБИС» автоматтандырылған жиынтық жүйе бағдарламсы  қолданылуда. Бүгінде кітапханада Интернет, электронды пошта, ақпараттық ресурстарға жедел түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді және сонымен бірге, жас ұрпақтың ақпараттық мәдениетін тәрбиелейтін орталығы болып табылады. Қазіргі таңда кітапхананың қызмет көрсету ауқымы кең. Ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бүгінгі жас ұрпақтың дүниетанымдылық аясын кеңейтіп отыр. Бүгінгі оқырман жастардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұраныстарын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек.

Әдістемелік құрал

LAST_UPDATED2