04.09.2011 20:45

 Конституция күніне орай  татулық пен бірлікті паш етіп, түрлі ұлт өкілдерін қуанышқа бөлеген мерекелік шара 2011 жылдың 30 тамыз күні Семей қаласының Ертіс жағалауында өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанды мекен етіп отырған он алты миллионнан астам адамның басты құжаты, басты құндылығымыз. Ата Заң – Қазақ мемлекеттілігінің алтын арқауы. Ата Заң - біздің демократиялық дамуымыздың негізі. Конституцияны қастерлеу - мемлекеттілікті қастерлеу, елдікті, егемендікті құрметтеу.

Негізгі Заң Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің конституциялық заңдылығына іргетас болып табылады. Мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық институттар мен азаматтардың қызметі, еліміздің қол жеткізген жетістіктері, бейбіт өмір сүруіміз, ертеңгі күнге деген сеніміміз, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артуы Конституцияда айқындалған құқықтық негіздерге сүйенеді. Демек, бұл жетістіктер Негізгі Заңның авторы ретінде Қазақстан халқының қалауын білдіреді.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Конституциясы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының берік негізіне, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғалу кепіліне айналды, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени әлеуеті бүкіл халықтың игілігі үшін серпінді дамуын қамтамасыз етті.

Еліміздің жаңа Конституциясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей жетекшілік етуімен дайындалып, оның ұсынысымен қабылданды. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті «Біздің Ата Заңымыз - Қазақстан халқының саналы түрде таңдауының жемісі» деп атап көрсетті.

2011 жыл мемлекет басшысының шешімімен - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы болып жарияланды. Бұл еліміздің Конституциясының 16 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның 20 жылдық жаңа тарихында қол жеткен жетістіктер орасан. Бүгінгі жетістіктер - Қазақстандағы барша халықтың татулығы, бірлігі, ынтымағы жарасқан салтанатты өмірінің 20 жылдық жарқын көрінісі.

Татулық пен бірлікті паш етіп, түрлі ұлт өкілдерін қуанышқа бөлеген мерекелік шара 2011 жылдың 30 тамыз күні Семей қаласының Ертіс жағалауында Конституция күніне орай өткізілді.

kaz1 kaz2

 Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері де осы айтулы мерекенің өз мәнінде өтуіне ат салысып, үлестерін қосты. «Конституция. Мемлекет. Халық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қалалықтар және қала қонақтары kaz3Қазақстан тәуелсіздігінің жетістіктерін көрсететін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, тарихи тұлғалар және Қазақстан тарихының түрлі кезеңдерін суреттейтін кітаптармен өте қызығушылықпен танысты. Сонымен қатар, мерекені қатысушылар «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы ең елеулі оқиғаларынан хабардар беретін стентті тамашалады.

Қалалықтар Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Конституция күніне арнап арнайы ұйымдастырған викториналарға ерекше ықыласпен жауап беріп, Қазақстанның мәдениеті, әдебиеті, тарихына байланысты өз білімдерімен бөлісті. Жеңімпаздар бағалы сыйлық – кітаптармен марапатталды.