№6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Радуга» балабақшасының «Сказка» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен Астана күніне арналған «Ел жүрегі - Астана» атты виртуалды саяхат өткізді.
15.07.2026 14:56

Шара басында кітапхана қызметкері кез келген өркениетті мемлекетте өзінің басты мақсаты мен маңызы бар астанасы болатынын атап өтті. Сонымен қатар еліміздің бас қаласы Астана - елдің бет-бейнесі, жүрегі екенін, ондағы әрбір көрікті жерлердің өзіндік маңызы бар екенін сөзге тірек етті. Ең бастысы біздің елімізде тыныштық пен үйлесім басым екені, елімізде тұратын барлық азаматтарға құрмет көресетілетіні аталып өтілді.

Әрі қарай қатысушылар «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Атамекен» Қазақстан картасы» этон-мемориалды кешенімен, «Океанариум», «Ақорда» резиденциясы сияқты астананың көрікті жерлерімен танысты.

32 33