№12 кітапхана-бөлімшесінде жазғы лагерь балаларының қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» атты open air dombyra өткізілді.
15.07.2026 14:41

Іс-шара барысында «Балалар өнер мектебі» тәрбиеленушісі Әлібеков Аңсар Асқарұлы қатысып, «Домбыра», «Сарыарқа», «Балбырауын» және де тағы да басқа күйлерді шертті.

28 29

Кеш барысында оқырмандар қазақтың күйлерін тыңдап, домбыра туралы мақал-мәтелдер айтып, ұлттық аспапқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ қатысушылар арасында «Күйді тап» атты шағын музыкалық ойын ұйымдастырылды.

Open air dombyra қорытындысында қазақтың күй өнері, ұлттық музыка және белгілі күйшілер туралы әдебиеттер қойылған «Домбыра – халық қазынасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.