Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарының қатысуымен Арбат алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Бабамыздың үні сенсің – домбыра» атты танымдық шолу өткізілді.
15.07.2026 14:37

Шара барысында қатысушылар қазақ халқының қасиетті аспабы - домбыраның шығу тарихымен, оның ұлттық мәдениетіміздегі орны және ерекшеліктерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі маңызы туралы кеңінен баяндап, белгілі күйші-композиторлардың шығармашылығына тоқталды.

26 27

Танымдық шолу аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сынды қазақтың көрнекті күйші-композиторларының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар ұлттық музыка өнеріне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардан құралған тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға домбыра өнері мен ұлттық музыка тарихына арналған түрлі танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылды.