| Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарының қатысуымен Арбат алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Бабамыздың үні сенсің – домбыра» атты танымдық шолу өткізілді. |
| 15.07.2026 14:37 | ||
|
Шара барысында қатысушылар қазақ халқының қасиетті аспабы - домбыраның шығу тарихымен, оның ұлттық мәдениетіміздегі орны және ерекшеліктерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері домбыраның халқымыздың рухани өміріндегі маңызы туралы кеңінен баяндап, белгілі күйші-композиторлардың шығармашылығына тоқталды.
Танымдық шолу аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сынды қазақтың көрнекті күйші-композиторларының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар ұлттық музыка өнеріне арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардан құралған тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға домбыра өнері мен ұлттық музыка тарихына арналған түрлі танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. |



























