№ 2 кітапхана – бөлімшесі |
1 |
|
2013 жылдан кітапханада «Жас суретші» үйірмесі жұмыс істейді. Әр аптаның сенбі күндері сағат 11:00-де басталады.
Үйірме мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін практикалық тұрғыда дамытуға жағдай жасау, балаларды эстетикалық тәрбиелеу,дүниетанымын дамыту.
|
№ 6 кітапхана – бөлімшесі |
2 |
|
2013 жылдың 2 маусымынан кітапханада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме отырысы айына екі рет жоспар бойынша сағат 11:00-де өтеді.
Үйірменің мақсаты: әр затты орынды қолдана білуге, эстетикалық талғам және әсемділікке, еңбекке баулу арқылы сәндік қолөнерді құрметтеуге тәрбиелеу, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
|
Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
|
3 |
|
Кітапханада бастауыш сынып оқушыларына «Өзің жасап үйрен!» атты үйірме жұмыс жасайды. Әр аптаның сенбі күндері сағат 14:00-де басталады.
Аппликациямен, қылқалам, ермексаз, қағаз, жапырақтармен жұмыс жасау сабақтары өткізіледі.
Үйірме қатысушылары сурет салуды, суреттерді бояуды, ою оюды, гүл жасауды, оригами жасауды, түрлі безендірулер жасауды үйренеді.
|
Жоламан кентіндегі кітапхана – бөлімшесі
|
4 |
|
2018 жылдан кітапханада «Сиқыршы» атты үйірме айына екі рет сағат 12:00-13:00 аралығында жұмыс жасайды.
Үйірменің мақсаты орта мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
|
5 |
|
«Жас шебер» үйірмесі 2016 жылдың 4 қаңтарынан бастап аптасына 1 рет сенбі немесе жексенбі күндері сағат 11:00-де жұмыс жасайды.
Үйірменің мақсаты: үйірме арқылы оқырмандарды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау.
|
Балалар және жасөспірімдер кітапханасы
|
6 |
|
«Акварель» үйірмесінің сабақтары аптасына 1 рет сенбіде немесе жексенбіде өткізіледі. 6-9 жастағы балалар қатысады.
Үйірменің мақсаты: жан-жақты, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасау.
Үйірменің сабақтарында акварель бояуларымен, гуашьпен, қағазбен, картонмен жұмыс істеуді қолдану жоспарланған.
|
7 |
|
«Шебер қолдар» үйірмесінің сабақтары аптасына 1 рет сенбіде немесе жексенбіде өткізіледі. 10-12 жастағы балалар қатысады.
«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмысы көркемдік-эстетикалық бағытта жүреді.
Үйірменің мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларда сәндік-қолданбалы қызметті игеруі үшін қажетті арнайы білім, дағдыларды қалыптастыру.
|
№12 кітапхана-бөлімшесі
|
8 |
|
«Шебер қолдар» («Нескучайка») үйірмесі 2013 жылдың 8 маусым күні құрылған.
Үйірменің мақсаты: Балалар мен кітапхана арасындағы байланысты қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Үйірменің міндеттері: балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу және қол өнер еңбегін дамыту, сонымен қатар кітапқа ұқыпты қарауға дағдыландыру.
|
Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
|
9 |
|
«Самоделкиннің шеберханасы» үйірмесі 2014 жылдың қазан айында құрылды.
Үйірменің мақсаты: әр-түрлі материалдардан қолөнер заттарын жасау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Үйірме қатысушылары үшін түрлі ертеңгіліктер, сурет байқаулары, мерекелік шоулар өткізіледі.
|
Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
|
10 |
|
«Шебер балалар» үйірмесі 2022 жылдан бастап жұмыс атқаруда.
Үйірме әр сәрсенбі күндері сағат 15:00-де басталады.
Үйірме мақсаты: баланы шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабылеттерін, қызығушылығын арттыру, өздігімен еңбек етуге дайындау іскерлігін дамыту.
|