«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6, №12 және Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері кітапханада жазғы демалыс бағдарламасын ұйымдастырды.
15.07.2026 13:15

Жазғы демалыс – балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы кезең.

Балаларға түрлі танымдық және қызықты іс-шаралар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және жазғы демалысты мазмұнды өткізуге ықпал ету. Кітапханадағы жылы атмосфера балалардың жаңа достар тауып, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуіне жағдай жасады.

21 22 23

Бағдарлама аясында балалар кітап оқып, ертегілер мен әңгімелерді талқылады, әдеби викториналарға, зияткерлік ойындарға, сурет салу және қолөнер шеберлік сағаттарына қатысты. Сонымен қатар, кітап көрмелеріндегі жаңа кітаптармен танысты.

Жазғы демалыс кітапханада қызықты әсерлерге толы болып, қатысушыларға ұмытылмас естеліктер сыйлады.