Байқау қорытындысы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Балалар және жастар шығармашылық сарайында өткен Кітап мерекесінде жария етілді

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең

күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады

М. ГОРЬКИЙ

Қай кезде де білім қазығының ғажайып қоймасы, адам баласының ақыл-ойынан туған, рухани байлықты, білімді сақтап қалатын, бір адамнан екінші адамның қолына беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен құрал кітап болған. Кітап оқудың пайдасы - «Жарқын ой, мәнді білім». Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымы. Ол - адамдардың қатынасында ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын құдіретті күш. Қазіргі ақпараттық заманда өмірімізге қолайлы ақпараттық дереккөз көптеп саналады.

Жаңалықтарды теледидар және мерзімді басылым беттерінен біліп жатсақ, қажетті ақпараттарды табуға интернет көмектеседі. Бірақ бетін парақтап ашып оқитын кітаптың орнын ештеңе алмастыра алмайды. Жақсы кітаппен кездесу - қуанышты, шаттыққа толы мереке.

bibli1

1967 жылдан бастап балалар кітабы бойынша Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай Халықаралық балалар кітап күні болып аталып өтілуде. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні болып жарияланды.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі /ОКЖ/ 2003 жылдан осы екі атаулы мерекені бірлестіре отырып 2-23 сәуір аралығында Кітап мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы Кітап мерекесі «КІТАПХАНА, КІТАП ЖӘНЕ МЕН» тақырыбы аясында өткізілді. Кітап мерекесінің басты мақсаты балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, отандық мәдениетімізді дамытуда және сақтауда маңызды фактор екендігін жеткізу. Жарнамалау технологиясының көмегімен кітапқа баулудың әдістерін пайдалана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. 2-23 сәуір аралықтарында Кітап мерекесі аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапхана-бөлімшелерінде бір ай бойы дөнгелек үстел,әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, талапты, талантты балалардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында шығармашылық сайыстары ұйымдастырылды: «Ертегілер әлемінде» атты жас суретшілер сайысы, «Сүйікті өлең жолдары» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Кітапхана менің өмірімде» тақырыбында жарнамалық бейнероликтер байқауы.

Мерекелік байқауға 45 мектеп қатысты, оның 6-уы қала маңындағы орта мектептер, байқауға барлығы 1000-ға жуық бала қатысты. Қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылды.

Байқау қорытындысы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Балалар және жастар шығармашылық сарайында өткен Кітап мерекесінде жария етілді. Кітап мерекесіне орай әуен қосылып, фойе өте көркем безендірілді.

 

bibli2 bibli4
bibli3 bibli5

Мерекеге келген қонақтар, оқушылар, кітапханашылар және мектеп мұғалімдері, балалар әсем безендірілген тақырыптық кітап көрмелерімен танысып, өздерін қызықтыратын, сүйікті кітаптарын, ертегілерін қызықтап, журналдарды алып оқыды. Бар байлықтың көзін тек «кітап» деген құдіреттен табатындықтарына көздері жеткендей болды. Кітап мерекесінің тарихы туралы слайд тұсаукесерін, «Кітапхана менің өмірімде» тақырыбындағы жарнамалық бейнероликтерді қарап тамашалады. Әсіресе қатысушыларды Кітап мерекесіндегі 1-4 сынып оқушылары арасында өткен жас суретшілердің «Ертегілер әлемінде» - атты 680-нен астам жұмыстары қойылған көрмелері қызықтырды. Жас суретшілер өз шығармаларына әр түрлі тақырыптарды қамтыған және ертегі кейіпкерлерінің боямаларын да шебер көрсетіп, әдемі де, әсерлі суреттеген.

bibli6 bibli7

Соңынан келген көрермендер залға өтіп, Кітап мерекесі де басталып кетті! Жүргізушілер Мерекенің тарихы туралы қысқаша таныстырып, кітаптың әр адамның өміріндегі алатын орны, бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуда кітапханашы еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Байқауға қатысқан үміткерлер үшін қуанышты, толқитын сәттері де келіп жетті. Сарапқа салып, бағаланған еңбектері үшін мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды. Әрине, қай кезеңде болмасын, ең құнды сыйлық болып келген кітап таратылды.

bibli8 bibli9

Кітап мерекесі аясында ұйымдастырылған шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер тізімі:

1-4 сынып оқушылары арасында өткен «Ертегілер елінде» жас суретшілер сайысы бойынша:

  • I орын - №30 мектептің 1 сынып оқушысы Қайсенова Алина;
  • II орын - №2 мектептің 2 сынып оқушысы Ковалева Елизавета;
  • III орын - №34 мектептің 4 сынып оқушысы Дулатқызы Аружан;

5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Сүйікті өлең жолдары» мәнерлеп оқу сайысы бойынша:

  • I орын - №25 мектептің 5 сынып оқушысы Қабитова Ақнұр;
  • II орын - №30 мектептің 5 сынып оқушысы Елеуханов Азим;
  • III орын - №26 мектептің 6 сынып оқушысы Серікқазы Ералы;

7-8 сынып оқушыларымен өткен «Кітапхана менің өмірімде» жарнамалық бейнероликтер байқауы бойынша:

  • I орын – отбасылық үлгідегі №8 балалар үйінің 7 сынып оқушылары Смирнов Алексей, Мухаметзянов Тимур;
  • II орын - №20 метептің 8 сынып оқушысы Субботина Елена;
  • III орын №3 мектептің 7 сынып оқушысы Шопангалиева Диана.
bibli11 bibl10

В Послание народу Казахстана Глава государства Н.А. Назарбаев поставил важную задачу по решению проблем людей с ограниченными возможностями, их адаптации, созданию нормальных условий для жизни и содействию в трудоустройстве. В целях реализации задач, поставленных в Послании, сотрудники ЦБС для воспитанников школы-интерната №4 для слабослышащих детей и школы-интерната для глухих детей в рамках Праздника книги организовали специальный конкурс юных художников «В мире сказок» (1-4 классы) и «Страницы истории» (5-8 классы).

bibli13 bibli14

1-4 сынып оқушылары арасында өткен «Ертегілер елінде» жас суретшілер сайысы бойынша:

  • І орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқушысы Марат Қуаныш;
  • ІІ орын - саңырау балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Темирбеков Ильяс;
  • ІІІ орын - саңырау балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Карлыкбаев Еламан.

5-8 сынып оқушылары арасында өткен «Тарих беттерінен» жас суретшілер сайысы бойынша:

  • І орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Танибергенов Адильжан;
  • ІІ орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ленцов Расул;
  • ІІІ орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Сарсенбин Тимур.
bibli16 bibli17

Мерекені ажарландыра түсетін көңілді ән, әсерлі би, терең ойлы, шынайы жан толғандырар өлеңдер екені белгілі. «Акцент» және «Парадиз» хореографиялық ансамблдері көрермендерді өз өнерлерімен таңқалдырып қуантты.

bibli18 bibli19

Жас та болса кітапты қадірлеп, қастерлеп, өлеңге қосып жүрген Абай мұражайының «Асыл қазына» жас ақындар клубының мүшелері Есжанов Серікжан, Смағұлова Нұргүл, Ақанғали Томирис кітапқа арналған өз өлеңдерін оқып берді.

bibli21 bibli23

Көрермендер «Жұлдызай» дуэтінің орындауындағы «Әгугай домбыра», «Айналайын» ән студиясының тәрбиеленушісі Жұлдыз Боранбайдың, Арина Меняевалардың әндерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Кітап мерекесі Семей қалалық білім бөлімімен бірлесіп өткізілді.

Кітап мерекесінің өткізілуіне көмек көрсетіп, ат салысқаны үшін Білім бөлімінің бастығы Алтынбекова Гүлжан Қайрханқызына, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Көпбаев Берік Көпбайұлына алғысымызды білдіреміз. Жас ұрпақтың болашағын айқындап, таланттардың көзін ашатын бірден-бір орта Балалар және жастар шығармашылық сарайы ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Шараның өтуі және Кітап мерекесінің қорытындысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, жергілікті телеарналарда, ОКЖ сайтында кең көлемде жариялануда. Кітап мерекесі аяқталғанымен, балалардың өнерге, шығармашылыққа, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктері жалғаса бермек. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз. Жақсысынан тағзым аламыз, қымбат мұра ретінде бағалаймыз.

LAST_UPDATED2  
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42449

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Сәуір 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 14 1 2 3 4
week 15 5 6 7 8 9 10 11
week 16 12 13 14 15 16 17 18
week 17 19 20 21 22 23 24 25
week 18 26 27 28 29 30

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1701
mod_vvisit_counterКеше7202
mod_vvisit_counterОсы жұмада36472
mod_vvisit_counterОсы айда61102
mod_vvisit_counterБарлығы7700937

Қазір сайтта: 75

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%