Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Арбат алаңында «Жарқын балалар мерекесі» атты көңілді іс-шаралар күнін өткізді.
08.10.2023 15:18
82

Іс-шара басында кітапхана қызметкері балаларды мерекемен құттықтап, мерекенің тарихы туралы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар, «Балаларға күн шуағын шашайық!» кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Балалар көрмеде ұсынылған кітаптармен танысып, ән айтып, өлең оқыды, викторина сұрақтарына жауап бере отырып, сыйлықтар алды.

Арбат көшесінде асфальтта сурет салу, жұмбақ шешу сайыстары өтті. Жарысқа балалар белсене қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ «Кітап театры» аясында «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік» т.б. ертегілерінен түлкі, қасқыр, қоян, аю сынды кейіпкерлер балалармен бірге ойнап, ертегілер әлеміне естен кетпес қызықты саяхат жасады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара көңілді әрі қызықты өтті. Шара соңында балалар естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.