| №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері №9 орта мектептің 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел қорғаны - қарулы күштер» атты танымдық саяхат өткізді. |
| 08.05.2026 13:08 | ||
|
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері оқырмандарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен, олардың негізгі міндеттерімен және құрылымымен жан-жақты таныстырды. Құрлық әскерлері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері және әскери-теңіз күштері туралы толық ақпарат беріліп, елдің қорғаныс саласының маңызы және оның мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі ерекше атап өтілді.
Танымдық саяхат аясында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, әскери техника мен қару-жарақ түрлері туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар әскери қызметтің ерекшеліктері, ерлік пен батырлық үлгілері, Отанға деген сүйіспеншілікті жайында сөз қозғалды. Іс-шара барысында «Ойлан да, жауап бер!» атты викторина ұйымдастырылып, қатысушылар әскери қызмет, ерлік және Отанды қорғау тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. |


























