31.08.2011 17:56

Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған – Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.

Ата-бабамыздың армандап өткен Тәуелсіздікке де қол жеткелі міне 20 жыл толыпты. Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем. Осы уақыт ішінде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді. Әлемге аты әйгілі болды. Әрине тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.

1 2

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдық қарсаңында Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің оқу залында «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты кеш болып өтті. Кеш қонақтары №10 мектеп, №22 мектеп және №32 мектеп оқушылары. Кешті кітапханашы Омарханова Г.М. салтанатты түрде ашты. Кеш әнұранмен басталды.

Кешіміздің мақсаты: оқушыларға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін айтып түсіндіру. Отан, ел, жер туралы мағлұмат беру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеп, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кеш барысында «Желтоқсан желі» әні бойынша түсірілген бейне клип экран арқылы көрсетілді. Бейне клипте 1986 жылғы жастар көтерілісі бейнеленген. Кешке келіп отырған жас ұрпаққа бейне клип үлкен әсерін қалдырды.

Дыбысталған слайд арқылы «Тәуелсіздік хронологиясы» көрсетілді.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тарту ретінде Семей филормониясының әншісі Әлия Боженова «Атамекен» әнін орындап берді.

Оқушылардың Отанымыздың тарихы мен мәдениетін және географиясын қаншалықты білетіндерін байқау мақсатында №10 мектептің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Куракова Г.Б. «Тәуелсіздік туралы не білесің?» атты интеллектуалды ойын3 жүргізді, оқушылар сұраққа белсене жауап беріп, білімдерін көрсетті.

«Қазақ елі» атты әнді №22 мектептің оқушылары Орынғазиев Бауыржан, Ахметов Мәди кеш қонақтарына арнап орындап берді.

Кештің соңында №10 мектептің мұғалімі Куракова Гүлнар Бағдатовна кітапханашыларға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай шаралар жиі-жиі болса деген пікірін айтты.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өткізіп отырған «Үлгілі 20 оқырман» атты акциясы бойынша Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің белсенді оқырмандары : Готман Даяна мен Куракова Гүлнар Бағдатовна мақтау қағаздарымен марапатталды.

Кеш соңында «Менің Қазақстаным» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге желтоқсан көтерілісіне және қазақстанға байланысты әдебиеттер қойылды.



Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай «Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым желтоқсан» атты әдеби-сазды кешке ақпарат

1Сан ғасырлар бойы бабалар арманы болған егемендікке қол жетіп, көкірегімізде сенім оянды. Жалпы алғанда Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздік тарихын байланыстырмау әсте мүмкін емес. Сондықтан да Тәуелсіздік жарияланған күніміздің Желтоқсан көтерілісімен тұспа-тұс келуінің өзін үлкен тарихи заңдылық пен сабақтастықтың белгісі деуге де болады. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Осы мерекеге орай қызмет көрсету бөлімінің «Мерей» клубы аясында «Ар – намысым, қасіретім мақтанышым желтоқсан» атты әдеби-сазды кеші өтті. «Тәуелсіздік рухымен» - «Духом Независимости» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мәдени-шараның мақсаты: Жастарға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан-Ананы құрметтеу, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, Отанға деген сүйіспеншілігін дамытып, патриоттық тәрбие беру.

Мәдени шараға Қалматаев атындағы медициналық колледжінгің студенттері мен Семей колледжінің студенттері және Желтоқсан оқиғасының куәгерлері болған Семей - Қазақстан телерадиосының бас редакторы Эльмира Жүрсінбекқызы, Семей педагогикалық институтының тарих факультетінің тарих маманы Амантай Исаұлы Исин, Семей таңы газетінің редакторы Ләззәт Шарапиева және кітапхана директоры А.Ә.Шаймарданова қатысты.

Кешімізді ынтымағы мен бірлігі жарасқан кеңбайтақ еліміздің әнұранымен ашып, дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас каһармандары секілді еліміздің болашағы, еркіндігі, бостандығы үшін күрескен құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алдық.

Кеш барысында кітапхана қызметкері Жұбан Молдағалиевтің «Мен -қазақпын» өлеңімен ашып, «Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам» атты шолу жасады. Халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен кеш қонақтары тарихымызда ерекше орны бар желтоқсан оқиғасы туралы, сол заманғы комсомол билетінің құнды құжат екендігін мәнді де мағыналы әңгімелеп, Тәуелсіз - ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді қастерлеу керектігін айқындап баса айтты. Қонақтардың айтылған тарихи оқиғасынан кейін оқырмандарға «Желтоқсан желі» атты желтоқсан оқиғасының жанкештілігі туралы бейнефильм көрсетіліп, өр намысты жастардың көзіне жас үйірілді. «Туған жер», «Отан» атты патриоттық сезімді оятатын еліміздің елтаңбасы, көк туы2 желбіріген слайд-шоу көрсетілді.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаңында кітапхана қабырғасында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 үздік оқырман» атты акциясы аясында кітапхананың ең үздік, ең тұрақты оқырмандар таңдалынып, кітапхана директоры А.Ә.Шаймарданова мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Таңдалынған үздік оқырмандардың ішінде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде кітап оқуы біз үшін үлкен мақтаныш. Атап айтсақ: Коланов Максим, зейнеткер, Ахметжанова Ндия, студент кітапхананың тұрақты оқырманы, қазақ тілінде көркем әдебиетті оқиды. Кітапхана қызметкері жастардың ұлттық тарихи танымдық өрісін кеңейту, білім мен біліктілікті дәріптеу мақсатында

«Сен еліңнің тарихын білесің бе?» атты блиц-турнир өткізлді.

 

 

№2 Кітапхана- бөлімшесінде №42 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен « Ұлттық идея бағдары » атты дәріс өтті.

Кітапханада «Қазақстан ғасырлар тоғысында» атты кітап көрмесінің бір бөлімі осы «Ұлттық идея бағдары» лекциясына арналып ұйымдастырылды. Бөлім «Ұлттық идея бағдары Қазақстанда» деп аталды. Көрмеге кітаптар мен мерзімді басылым беттерінен мақалалар қойылды. Оқушылар лекция тақырыбына қызығушылық көрсетіп белсене қатысты. Осы өткізілген лекцияның соңында оқушылар ұлттық идея тақырыбы туралы өз пікірлерін ортаға салды және өздерін осы тақырыпта толғандыратын сұрақтар қойылды. Осы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.


№12 кітапхана қызметкерлері Аумақтық орталықта «Менің отаным – Қазақстан» атты сұрақ-жауап кешін өткізді.

1Еліміз егемендігін алған кезде жан-жаққа еркін қақпа ашылып. Бұл күндері Отан, тәуелсіздік, тұрақтылық, тұрақты даму ұғымдарды туралы тыңдаушыға жеткізіп, табиғат, пайдалы кендер, даму өнеркәсіп және ауыл шаруашылықтың, музыка және әдебиет салаларындағы жетістіктер туралы баяндалды.

Біздің іс-шарамыздың мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін одан әрі дамыту. Ел рәміздерін, тарихын білу.

Кештің соңында конкрус және викторина өткізілді. Конкурс «Сіз өз өлкеңізді жақсы білесіз бе?», сұрақтары тарихтан, құқықтан және әдебиеттен болды. «Тарихтағы есімдер» атты викторина, сұрақтары елімізгі танымал және белгілі адамдар, мәдениет және біздің еліміздің тарихына қандай үлес қосқаны жайлы болды. Кеште белгілі орыс және қазақстандық ақындардың өлеңдері орындалды.

Іс-шара қызықты өтті.

 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай оқушылардың Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру мақсатында №8 мектеп-кешенінің 6 «Ә» сынып оқушыларына арнап кітапханашы Жиенбаева Жанна «Қазақстан-елім менің» атты әдеби кеш өткізді.

SAM 0462Әдеби кеш барысында оқушыларға кітапханашы Қазақстан тарихынан қысқаша түсінік бере отырып, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» атты слайд шолу көрсетіліді. Оқушылардың өздері дайындап әкелген әдеби-монтажы қойылды. Низам Абылайдың орындауындағы «Елім менің» атты әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар оқушылардың орындауында «Атамекен» әні орындалды. Кешке сынып жетекшілері Мұқатаева Айгул Қастаевна мен мектеп кітапханашысы Роза Тоқтархановна қатысты.



Балалар және жасөспірімдер кітапханасының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған кітап көрмесі

Тәуелсіздікке 20 жыл. Біз тәуелсіздік алған осынау 20 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Осы 20 жыл ішіндегі тәуелсіздік шежіресі – біздің халқымыздың ұлы тарихы.

P8230001Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Әлем таныған Қазақстан» – атты көркем безендірілген көрме ашылды.

Зал төбесіне шаңырақ макеті жасалып, одан тараған уық – ленталар кітап сөрелерінің артына тартылды. Қазақ елінің сан ғасырлық қалыптасу кезеңін, мемлекеттілігін, жаңа дәуірдегі жүріп өткен жолын көрсететін әдебиеттер арқылы жастардың отансүйгіштік сезімін нығайтып, Қазақстан туралы білімдерін толықтырып, елдің жағымды бейнесін қалыптастыруды мақсат еткен көрмеге соңғы кездері жарық көрген әдебиеттер мен басылымдар қойылды.

Кітап көрмесі жеті бөлімнен тұрады, олар:

P82300051. Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы

Дәйексөз: "... дара отау көтерген мемлекеттердің бәрі де саналарында тәуелсіздік рухын оятқаны үшін Желтоқсан көтерілісіне борыштар ..."

М. Шаханов

2. Тарих толқынында

Дәйексөз: Өткенді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес.

М.Горький

3. Отаным – алтын бесігім

Дәйексөз:

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

Б. Ысқақов

P8230006 P8230003

 

4. Халқымыздың мақтанышы болған аяулы азаматтар Дәйексөз: Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады. В.Гюго

5. Сырға толы Семейім

Дәйексөз:

Семейім, сұлу көрік, сымбат қалам,

Өзіңде өткен күндер қымбат маған.

Қолға алып екі шекті домбырасын,

Қай ақын өзің жайлы үн қатпаған

Ә.Мұрат

6. Болашаққа ұмтылған Қазақстан Дәйексөз: Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз - берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.

Н.Ә.Назарбаев

7. Қазақстанның інжу-маржандары

Дәйексөз:

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

К. Ахметова

Ел тәуелсіздігі туралы сыр шертетін кітап көрмесінің негізгі мақсаты – қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету, жас буын және өскелең ұрпаққа Қазақстанның елдігі, тәуелсіздігі және дамуы туралы кеңінен мәлімет беру болып табылады.

Сонымен қатар «Тәуелсіздік шежіресі» атты түрлі-түсті суреттермен безендірілген ақпараттық стенд жасалды. Бұл стендте 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғаларынан бастап, кеше ғана Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы толық ақпарат хронологиялық тәртіп бойынша берілген.

Бұл көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылды. Көрме жыл бойына жалғасып, әр түрлі жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған көрме әрбір отандасымыздың ұлық мерекені жан жүрегімен сезінуіне септігін тигізеді деген үмітіміз бар.

LAST_UPDATED2