| Қалалық орталық кітапханада №16 Т.Аманов атындағы мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Елін сүйген жауынгер ер болады» атты HERO QUIZ зияткерлік ойыны өткізілді. |
| 08.05.2026 12:37 | |||
|
Іс-шара басталар алдында кітапханашы Отан қорғаушылар күні әрбір азамат үшін үлкен маңызы бар мереке екенін, бұл күн баршамызға Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді еске салатынын атап өтті. Сондай-ақ, Отан қорғаушы - елінің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін, туған жерін қорғау жолында батылдық пен ерлікті көрсететін адам екенін түсіндірді.
Әрі қарай әр топ үш қатысушыдан құрылып, зияткерлік ойынға қатысты. Ойын бес кезең бойынша ұйымдастырылды: «Елін сүйген ер жауынгер болады», «Логикалық кезең», «Туған қалам - Семейім», «Кино және музыка», «Үзінді және шығарма атауы». Қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Әсіресе туған өлке тарихына арналған кезеңде олар Семей қаласының тарихи-мәдени мұралары мен көрнекті тұлғалары туралы терең білімдерін көрсетті. Қорытынды кезеңде ең жоғары ұпай жинаған команда жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылар тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмемен танысты. |
|||
| LAST_UPDATED2 |




























