09.06.2023 01:44

ФУТБОЛКА КҮНІ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқитын адам-Homo legens» жобасын жүзеге асыру барысында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Футболка күні» мерекесі өткізілді.

7 8 9

Мереке, 21 маусым күні бүкіл әлем атап өтетін футболка күніне арналып, сонымен қатар тек киімнің бір бөлшегі ғана емес, қарым-қатынас құралы болып табылатын, заманауи адам гардеробының ажырамас бір бөлігіне айналған футболканың шығу тарихымен таныстыру, оның көп функционалдылығын көрсету, адам өміріндегі футболканың маңыздылығын және футболка кию арқылы әр адам өзінің ерекшелігін көрсете алатындығын түсіндіру, үстімізге киген киімдегі жазудың мағынасына назар аударту мақсатында ұйымдастырылды.

10 11

Шара барысында қатысушылар «сөйлейтін» футболканың пайда болумен таныса отырып, «Бар мәселе жазуда» атты іскерлік және «Бір футболка екеуге» атты қызықты ойындарға қатысты. Ең епті сайыскерлер сыйлықтармен марапатталды.

12 13
14 15

Сонымен қатар, футболкалар дефилесі ұйымдастырылып, дефилеге қатысушылар үстеріне киген футболкалардағы жазулардың мағынасын ашып, таңдаған сәтте несімен қызықтырғаны жайлы айтып өтті. Мереке соңында флэшмоб ұйымдастырылды.