09.06.2023 01:33

АҒЫЛШЫН ТІЛІ АНАММЕН БІРГЕ

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жобаның тұсаукесері өтті.

Шараға балалар аналарымен бірге, №31 мектептің мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушылары қатысты. «Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жоба бірінші кезекте ата-аналардың ағылшын тілін балаларымен бірге меңгеруіне бағытталды.

Жобаны іске асыру ересектердің тілді түсінуге, балалардың ағылшын тіліндегі үй тапсырмаларын орындау барысында көмек көрсетуге, көп уақытын баламен өткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда он ана балаларымен ағылшын тілін үйренуде.

Жоба тұсаукесері Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі әкімшілігінің алғы сөзімен және жүргізушілердің құттықтауларымен ашылды. Бұдан соң балалар Қалалық орталық кітапхананың көркем безендірілген залдарын аралап, экскурсия жасады.

Ашылу салтанатынан кейін балаларға кең ауқымды бағдарлама: ертегілер бойынша викторина, караоке, қуыршақ театры, сондай-ақ балалардың сүйікті ертегілері, өлеңдер, әңгімелер, түрлі-түсті журналдар, комикстер қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

«Ағылшын тілі анаммен бірге» атты жобаның жүзеге асырылуына, яғни ағылшын тілі сабағымен айналысатын бөлменің ашылуына ЖШС «Азия Декор» және «Меломан Video» cауда үйі демеушілік көмек көрсетті.

Шараға «Рудный Алтай», «Семей таңы», «Вести Семей», «Семей айнасы» және «SEMEI» телеарнасының журналистері қатысты.

16 17 18
19 21 22
22 23