Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны ерекше. Олардың жағдайлары ойландыратын, толғандыратын мәселелердің бірі. Оларға арнап үкіметте көптеген істер атқарылып жатыр. Мысалы: қаржы бөлінуде және мүмкіндігін арттыратын түрлі құрал-жабдықтар, мүмкіндігі шектеулі болса да өз істерін шеберлікпен атқаратын жұмыс орындары ашылуда. Өкініштісі бұлардың барлығы сол кемтар жанның кем жерін қайтарып бере алмасы анық? Бірақ мүмкіндігі шектеулі болсада өз айналасындағы адамдармен тең дәрежеде екенін ұғынуға үлкен септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға бүкіл халық атынан, әлем атынан үлкен қолдау қажет. Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн. Өйткені олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!!! Мүмкіндігі шектеулі жандар құқықтары мен өзге әлеуметтік - экономикалық сұрақтарыңызға жауапты және толық ақпаратты egov.kz бетінен ала аласыздар. |