Сонымен бірге интернет желісі арқылы «ҚР-ғы гендерлік саясат» атты бейнесюжет көрсетіліп, «Әйел мен еркекті бірдей аялау – гендерлік саясаттың өзегі» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
16.04.2014 15:11

Мақсаты: жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. О. Әубәкіровтың өмірі мен еңбек жолымен таныстыру.

detm1rdetm3r detm2r

Жүргізуші шара басында әлем бүгінде Қазақстанды ғарыштық держава ретiнде танитындығы туралы айтып өтті. Қазақстан тарихын бүгінгі күні оның ғарышты бағындыру тарихынсыз елестету мүмкін еместігіне тоқталды. Тоқтар Әубәкіров жайында, оның Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, 256-шы әлем ғарышкері, 72-ші (және соңғы) КСРО ғарышкері туралы әңгімеледі: 1991 жылы 2-қазанда Байқоңырдан бортында ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибёк болған «Союз ТМ-13» кемесi ғарышқа ұшты. Апта бойы Т. Әубәкіров ғарышкерлермен бірлесіп, «Мир» орбиталық кешенiнде тұңғыш рет қазақстандық ғарыш бағдарламасымен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзді. Ғарыш сапарында Арал теңiзiндегi тұзды шаң борамасының пайда болу процесi, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттерi алынды. Сондай-ақ биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша тәжiрибелiк зерттеулер жүргiзiлді. Ғарышта болу ұзақтығы 7 күн 22 сағат 13 минутты құрады. 1991 жылдың 10 қазанында «Союз ТМ-13» кемесi ғарыштан жерге оралды.

Соңынан оқушылар Тоқтар Әубәкіровтің жұлдызды жолы туралы бейнефильмді көріп тамашалады.

«Ғарышты бағындырған қазақ» - атты кітап көрмесі безендіріліп, қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Қазақстан қоғамынының рухани тірегіне айналып, патриоттық рух пен биік адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс. Ескі қағидаға сүйенсек - «халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды». Сондықтан дәстүр, тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар аудару қажет.