Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясының таңдауы Сайын Мұратбековтың шығармаларына түскендігі белгілі. Осы орайда Қалалық орталық кітапханада Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесіне арналған «Прозаның хас шебері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
16.04.2014 14:58

Мақсаты: Сайын Мұратбековтың шығармашылығымен таныстырып, шығармаларын насихаттау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды әдеби - көркем кітаптарды оқуға шақырып, кітапханаға тарту.

new1 new3new2

Оқырман конференциясының барысында кітапханашы слайд көрсете отырып жазушының өмір жолымен және шығармашылығынмен оқырмандарды таныстырып өтті.

Оқырман студенттер «Жусан иісі» повесі бойынша басты кейіпкерге жақсы мінездеме бере отырып, өз пікірлерін ашық айтып, шығармадан алған әсерлерін жеткізді.

Шығарма желісі бойынша қойылған: «Оқиға қай кезеңде болған»?, «Жазушы повесті неге «Жусан иісі» деп атайды?», «Жусан иісі» арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?», «Әнгіменің негізгі идеясы не?», «Өздерің бұл әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?» деген басқа да, сұрақтарға оқырман тарапынан тыңғылықты жауаптар алынып, жан-жақты қамтылды.

Іс-шараға «Прозаның хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының кітапхана қорындағы бірнеше шығармалары мен баспасөз беттеріне жарияланған естеліктері қойылды.

Оқырман конференциясына қатысқан колледж ұстаздары іс-шарадан алған зор әсерлерін айтып, кітапхана қызметкерлеріне үлкен ризашылықтарын жеткізді. Осы шараға белсенді қатысқан студент оқырмандарымыз: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің филология факультетінің студенттері А.Шаймарданова, А.Шеризат, Д.Байболова, Н.Қабаева, А.Әліпаева, С.Қуандықұлы, А.Сағындыковаға кітапхана тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

LAST_UPDATED2