№2 кітапхана-бөлімшесінде «Кітаппен бірге өсеміз» атты ертеңгілік №35 орта мектептің 4 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.
16.04.2014 14:53

Шараның мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапханамыздың кітап қорымен таныстырып, насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру.

detmir1detmir3 detmir2

Көркем безендірілген оқу залында өткен ертеңгілік «Оқырмандар әні» бейнеклипін тамашалаумен ашылды.

Шараны бастаған кітапханашы «Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі екені, ұрпақтан ұрпаққа рухани байлықты сақтау керектігі жайлы айтып берді. Сонымен қатар кітаптарды жоғары бағалап, оларды алғашқы мәдени ошақтарда жинап сақтағаны, кітаптың шығу тарихы туралы слайд көрсету арқылы сөз қозғалды.

Ертеңгіліктің өту барысында оқушылар мәнерлеп тақпақ оқыды, ертегі кейіпкерлерінің суретін салып, олармен әртүрлі ойындар ойнатылды. Оқушылар ертегілер бойынша слайд сұрақ-жауап викторинасына ат салыса қатысты. Сонымен қатар бейнефильм көрсетілді.