PDF Басып шығару E-mail

Орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі «Аялы алақан» атты сайт бөліміне

Қош келдіңіздер!!!

Өмір толы ащы менен тұщыға да,

Кімдер келіп, кетпес өмір жолында

Ащысы мен тұщысы бірге жүрер,

Қуанып бір қайғырып өз жолында.

Өмір толқын ағып жатыр өзендей боп,

Талмайтын, тоқтамайтын толқындай боп.

Теңіз жатыр арнасынан асып – тасып,

 

Желменен қашып тұрып, ұшып – қонып – дегендей өмірге кімдер келіп, кімдер кетпес! Өмір деген ойлансаң толып жатқан құпия дүние. Өмірдегі тағдырыңнан қанша қашсаң да құтыла алмайсың. Маңдайыңа жазғанын көресің. Ал сол өмірдің ащысын да тұщысын да бірге алып жүру оңай емес. Өмірдің қиыстырған қиын сәттерінде қасыңа жалау болатын дос, ойланып-толғандыратын  ата-ана қажет.

Шыр етіп жерге түскен минутынан өмірдің қасіретін көрген жандар: олар мүгедек жандар. Жас сәбидің көрмейтінін көріп жүрегің елжіреп қан жылайды. Өмірге келгенімен көзімен көрмесе, білмесе өмірдің мәнісі жоқ сияқты. Бірақ алла тағала бір мүшеңді сау қылмаса да өмірің ауыр болса да өмірден баз кеше алмайсың. Сол өмірге үйренесің. Төзгің келмесе де төзесің, сезгің келмесе де сезесің. Жарқыраған күннің сәулесін көрмеген адам өз түрін де, өзгенің бет-бейнесін де көре алмайды. Көргісі келсе де көре алмас, барғысы келсе де бара алмаса, өміріңнің қатаң деген қасіреттерінің бірі. Осындай мүгедек жандардың үмітін арттыратын, сырлас болатын, мұндасатын, демеу болатын жандар қажет.

Осы мақсатта Орталықтандырылған қітапхана жүйесіндегі  «Аялы алақан» атты сайт бетінен өмірдің ауыртпалығын, ауыр жүгін көтеріп жүрген мүгедек жандарға төмендегі көрсетілген бөлімдерді ұсынамыз.

 

  1. Мен сүрет саламын
  2. Алғашқы шығармашылығым...
  3. Фотошежіре

(Құқықтық база)