Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әдеби Семей» атты қызықты ақпарат сағаты №26 мектептің 8 сынып оқушыларымен өткізілді.
09.04.2014 11:56

Мақсаты: Семей қаласының ақын жазушыларының шығармашылығымен таныстыру, әйгілі қазақстандық және жерлес жазушыларымыздың шығармашылығын насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани тәрбие беру.

Кітапханашы шараны аша отырып, туған өлкеміздің әдеби мұрасы адамның ешқашан таусылып сарқылмайтын рухани байлығы болып табылатындығын атап өтті. Сондықтан өлкетану аясындағы шаралар кіші Отанымызға деген мақтаныш сезімін оятып, танымал жерлес ақын-жазушылардың әдеби мұраларын оқырмандар арасында кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

pk9

Қаламыздың құрметті азаматы М.Сәрсеке, әдебиет зерттеушісі және абайтанушы М.Сұлтанбеков, ақын және өлкетанушы К. Байгужинов, балалар жазушысы және драматург Е.А.Титаев сияқты тұлғалардың кітаптары және олардың өз Отаны мен халқына көрсеткен адал қызметі бәрімізге үлгі.

Кіші Отанымыздың тарихи-өнегелік құндылықтары әдебиетте бейнеленгендіктен жас ұрпақтың игілігіне айналуы қажет. Сондықтан, қызықты ақпарат сағатын жалғастыра отырып, кітапханашы қаламыздың тарихы мен мәдени өміріне қысқаша тоқталды. Қазақ әдебиетінің классиктері Абай, Шәкәрім, Мұхтар жайында да, балалардың естеріне салып әңгімеледі. Соңынан Семей қаласының қазіргі ақын-жазушылары М.Сәрсеке, М.Сұлтанбеков, К.Байгужинов және Е.А.Титаевтардың әдеби мұраларымен таныстырды.

Балалар жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен таныса отырып, өз ойларымен бөлісті. Оқушы Марденов Сұлтанбек өз сөзінде туған өлкеміздің атағын Қазақстанға шығарған жазушыларды мақтан тұтатындығын жеткізді. Шараны қорытындылай отырып, кітапханашы қаламыздың ақын-жазушыларының шығармашылығымен танысқан жас оқырмандардың алған ақпараттары өздерінің ішкі жан дүниесіне жақын екендіктерін сезінгендерін атап өтті.

Шара «Біздің өлкеміздің жазушылары» атты слайд – тұсаукесерінің көрсетілімімен жалғасты. «Кітапты парақтай отырып, өлкемізге саяхаттаймыз» атты тақырыптық көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.