№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде №27 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты дөңгелек үстел өтті.
09.04.2014 10:48

Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтауды, оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсінуге тәрбиелеу.

pk6 pk7 pk8

Нашақорлық – ғасырымыздың дерті. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Есірткі заттарының тез және жаппай таралуы адамзатқа жойқын, әрі орны толмас зиян келтіруде. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертке қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс.

Осы шараға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Ахметова Аяулым Қайратқызы және нарколог-дәрігер Рыскүл Жеңісқызы қатысты. Олар нашақорлықтың зияны, адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы, сондай-ақ нашақорларды есепке алу, оларды бұл зұлым дерттен айықтыру жолдарына, сонымен қоса емделуге қатысты туындайтын біршама қиын мәселелерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ нашақорлық індеті жайлы видеотаспадағы оқиғаны іліп әкетіп есірткінің түрлері мен атауларына тоқталды. Есірткіге қарсы жүргізіліп жатқан күрес жайлы, оның қай жақтан тасымалданып жатқанын айтып, оқушыларды есірткіге қарсы бірге күрес жүргізуді ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар тақырыпты талқылауда белсене атсалысып, өз ойларын ашық білдірді. Кітапханада «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты көрме ұйымдастырылды.