Шүкіманов Еркін
08.04.2014 14:45
shukumanov

Әнші.

1973 жылы 5 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында туған.

1990 жылы Ақсуат ауданы Сұлутал ауылында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1991-1996 жылдары Шәкерім атындағы Семей университетінің филология факультетінде оқыған. 1996 жылы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне Қ.Байбосыновтың сыныбына қабылданды. 1999-2004 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында Б.Тілеухановтың сыныбы бойынша оқыған. 1999 жылдан «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етеді.

«Біржан сал» фильміне Б.Қожағұлұлының «Айтбай», «Жалғыз арша», «Сырғақты», «Ләйлім шырақ», «Жанбота», «Теміртас» әндері Еркін Шүкімановтың орындауында енген.

1998 жылы республикалық Ж. Елебеков атындағы әншілер байқауының, 2000 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің, 2002 жылы республикалық Ә.Қашаубаев атындағы әншілер байқауының лауреаты атанды.

ҚР мәдениет қайраткері.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б.285.

Шүкіманов, Е. Шығыс өңіріндегі дәстүрлі ән мектебін ашатын кез келді [Мәтін] / Е. Шүкіманов // Дидар. - 2011. - 5 желтоқсан. - Б. 5.

LAST_UPDATED2