Удербаева Бақыт
08.04.2014 14:33
uderbaeva

Әнші.

1950 жылы туған. Сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1967 жылы М.Төлебеаев атындағы музыка училищесіне оқуға түседі.

Шығармашылық жолын 1970 жылы Семей облыстық филармониясында әнші болып бастайды.

«Бақыт Үдербаева ән шырқайды» атты күй-табағы мен телефильмі жарыққа шыққан.

1975 жылы бүкілодақтық әншілер байқауының дипломанты, 1980 жылы Ә. Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауының бірінші жүлдегері болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1989). «Құрмет» орденінің иегері.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б.282.

Ахметбекова, А. Ер мінезді әнші [Мәтін] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 2005. - 1 сәуір. - Б.5