Тұрарова Перизат
08.04.2014 14:31
turarova

Әнші.

1984 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

2001 жылы орта мектепті бітіріп, 2002-2008 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс алған. Қазіргі таңда Астана қаласының мемлекеттік филормониясында солист.

Республикалық «Асыл мұра» және Д.Ракышев атындағы байкаулардың лауреаты. Ә.Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың бас жүлдегері. 2009 жылы Сауд Арабиясының Әр-Реад және Джидда қалаларында өткен Қазақстанның мәдениеті күндерінде, 2010 жылы Шанхай қаласында өткен «Шанхай экспо» дүниежүзілік көрмесінде өнер көрсеткен.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б.277-278.