Төленбаева Клара
08.04.2014 14:27
tolenbaeva

Әнші.

1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келді.

Ақсуат балалар музыка мектебінде баян сыныбы бойынша оқыған. 1993 жылы орта мектепті аяқтап, Семейдегі М.Әуезов атындағы педколледжге түсті. 1996 жылы аталған оқуды тәмамдап, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға дәстүрлі ән бөлімі бойынша Б.Тілеуханның сыныбына қабылданды. 2003 жылы осы оқу орнындағы аспирантураны бітірді. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеуде. Шәкірттері халықаралық және республика көлеміндегі байқауларда жүлделі орынға ие болып жүр.

Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық байқаудың, К.Әзірбаев атындағы республикалық байқаудың бас жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауының 1- орын иегері.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б.277.