Сарин Ербол
03.04.2014 14:20
sarin

Дәстүрлі әнші.

Ол 1962 жылы 2 қазанда бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Архат ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Алматы қаласындағы эстрадалық өнер студиясына (қазіргі Ж. Елебеков атындағы колледж) атақты әнші-композитор, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Ж.Кәрменовтің сыныбына түсіп, 1987 жылы оқып бітірді.

Өнердегі ең алғашқы жолын Целиноград облысының мемлекеттік филармониясында бастады. Осы филармонияда еңбек ете жүріп, 1988 жылы Алматыда өткен Ә. Қашаубаев атындағы II республикалық әншілер байқауына қатысып лауреат атанды. 1992 жылы Целиноград музыкалық училищесінде домбырамен ән салу сыныбын ашу мақсатында қосымша жұмысқа шақырылды. 1993 жылы С.Сейфуллин атындағы пединститутқа түсіп, 1997 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.

1998 жылы Президенттің колдауымен ашылған, әлем әртісі, профессор А.Мұсақожаева басшылық еткен ҚазҰМА-ға аға ұстаздыққа қалдырылды.

Қазақстан Республикасының әншілік өнерін дамыту жолына қосқан еңбегі үшін Құрмет Грамоталарымен марапатталды.

Қазіргі кезде Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі ән департаментінің доценті.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 268.