Сағымбаева Баян
03.04.2014 12:09
sagimbaeva

Әнші.

1951 жылы 14 наурызда бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туған.

16 жасында М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Келесі жылы одақтық байқауға қатысып, Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның рөлін сомдады.

Сексенінші жылдар басында «Қазақ концертте» алты жыл еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды.

Қазір Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық жастар сыйлығынын иегері. БЛКЖО Орталық Комитетінің, Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Есімі Абай ауданының Құрмет тақтасына жазылған.

Көптеген ән сайыстарынын жеңімпазы және жүлдегері.

Әдебиеттер:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б.266

Иманғали, М. Қолдан нан салған күнді де басынан өткізген әнші [Мәтін] /М. Иманғали // Дидар. - 2009. - 3 тамыз. - Б.5.

Иманғали, М. Асық ойнағаннан гөрі асыл сөзді тыңдауға ынтық болыпты немесе Жәнібек Кәрменов туралы не білеміз? [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 20-21.

Сағымбаева, Б. Менің өмірім қателіктер мен өкініштен тұрады [Мәтін] : [әнші Баян Сағымбаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы] / Б. Сағымбаева // Жұлдыздар отбасы. - 2010. - № 14. - Б. 11-14.