Рысқали Ерлан
03.04.2014 11:59
riskaly

Әнші.

1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы ІІІұбартау ауданының Қосағаш ауылында дүниеге келген.

1995-2001 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.

2001-2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында оқыған. Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында жеке орындаушы, әнші, республикалық «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор-жүргізуші болды. Қазіргі таңда Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі.

Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.

М.Уәлиқызы атындағы халықаралық, Ж. Елебеков атындағы республикалық, Ә.Найманбаев атындағы аймақтық және «Асыл мұра», М. Бапиұлы атындағы байқаулардың жүлдегері. Н. Тілендиев атындағы II халықаралық әнші-күйшілер байқауы мен Әміре Қашаубаев атындағы VII республикалық дәстүрлі әншілер байқауында лауреат атанды.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т.1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 263.