Өтеуленова Мапруза
03.04.2014 11:53

Өтеуленова Мапруза 1961 жылы 30 қарашада Ақмола облысының Державинск қаласында туған. Жасынан әншілігімен көзге түскен Мапруза Торғай облыстық филармониясының «Шертер» ансамблімен Қазақстанның барлық жерінде өнер көрсетті. Польшада, Мәскеу сахнасында бірнеше рет ән шырқады. 1982 жылы Семей қаласына көшіп келген Мапруза семейліктердің сүйіспеншілігіне бөленген диапозаны кең дауысты әнші. Бүкілодақтық халық шығармашылығы конкурсының үш мәрте лауреаты.

1990 жылы аймақтық «Майра сұлу» конкурсының «Гран-при» иегері атануы да әншіге берілген зор құрмет. 1989-1996 жылдар аралығында Жаңасемей аудандық мәдениет бөлімінің «Семейтау» ансамблінде қызмет етті.

2001-2002 жылдары халықаралық «Беловодье» орыс фольклорлық фестивалінің лауреаты, 2001 жылы халықаралық «Татар әндері» фестивалінің лауреаты.

2003 жылы аймақтық «Орыс әні» фестивалінің дипломанты және республикалық «Жас ұлан» конкурсының жеңімпазы атанды.

Әдебиет:

Шарапиева, Л. Халқымды әнімменен әлдилеймін [Мәтін] / Л. Шарапиева // Семей таңы. - 2009. - 5 наурыз. - Б. 3.