Омаров Берік
03.04.2014 11:50
omarov

Әнші. 1975 жылы бұрынғы Семей облысының Аягөз ауданында туған.

1992 жылы Семей қаласындағы Ш.Құдайбердиев атындағы орта мектепті, 1997 жылы Алматыдағы Өнер академиясын бітірген.

1997-2000 жылдары Семей қаласындағы Ә.Қашаубаев атындағы филармонияда әнші, 2000-2005 жылдары өндіріс орындарында мәдени іс-шаралар жөніндегі аға маман болып қызмет етті.

2005 жылдан Семейдегі облыстық «Еураз-шоу» ән театрында солист әнші.

2007 жылы Алматыда «Ел» продюсерлік орталығы өткізген «Інжу-маржан» концертінде, «Алтыбақан», «Дала-думан», «Жеті саз», «Ауылдың алты ауызы» бағдарламаларында ән шырқады.

Ж.Елебеков, К.Әзірбаев, Ә.Қашаубаев, Ә.Найманбаев атындағы республикалық байқаулардың және «Шабыт», «Ертіс әуендері» фестивальдерінің, тағы басқа ән сайыстарының лауреаты.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 252.