ОКЖ бөлімшелерінде Халықаралық балалар кітабы күні, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылатын Кітап мерекесі аясында әртүрлі шаралар өткізілуде.
03.04.2014 09:46

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап ғажайып қазына» атты ертеңгілік №17, №36, №6, №4 жалпы білім беретін мектептерінің 1-4 сынып оқушыларымен өткізілді.

pk1 pk2 pk3
pk4 pk5 pk6

Кітапхананың оқу залы мерекеге сай безендіріліп, ертеңгілік жүргізушілері кітаптың шығу тарихы туралы айтып өтті. Шара барысында кітап, ертегі кейіпкерлерінен викториналық ойындар слайд арқылы ойнатылып, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Ертеңгілікте атаулы күндерге толы жыл мерейгерлері аталып, «Кітап театрының» аясында қойылған «Күшік, мысық және тышқанның достығы» атты ертегісі тамашаланды.

Аталған шарада «Ертегілер әлемінде» атты суретті кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Мәдени шарада әсем ән, әуен, терме айтылып мың бұралған бишілер мереке көркін аша түсті. М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің студенттері «Күзгі қайың», «Наурыз» т.б. әндерін орындап, «Қазақ, өзбек» билерінен өнер көрсетті. Мектеп оқушылары да қалыс қалмай өздерінің дайындап әкелген өлең, әндерін нақышына келтіре орындап берді.

Шара соңында ата-аналар, ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Оқырмандар мол әсермен, көтеріңкі көңілмен қайтты.

LAST_UPDATED2