Ноғайбаева Гүлдана
27.03.2014 11:33
nguldana

Әнші.

1979 жылы 3 шілдеде бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданында туған. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияны, Семей мемлекеттік қаржы институтын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылдан Мәдениет сарайында әнші.

1998 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы әншілер байқауының 2-орын жүлдегері, 1999 жылғы «Татар жыры - 99» байқауының лауреаты.

2000 жылы республикалық «Жас қанат» байқауында дипломант, 2002 жылы халықаралық «Шабыт» фестивалі мен республикалық Е.Хасанғалиев байқауының лауреаты болды.

Гүлдана эстрада мен дәстүрлі домбырамен ән айтуды бөлмей шебер орындайды. Оның орындауындағы «Ақ маңдайлым», «Бақыт қүшағында», «Жан аға», халық әні «Аққүм», Мәдидің өні «Қарқаралы» т.б. әндері халық сүйіптыңдайтын әуенге айналды.

Әдебиеттер:

Қасенқызы Л. "Шеберлер класы" көрмесінде Елбасы болды // Семей таңы . – 2011. – 13 қыркүйек. – Б. 1.

Нұрбаев Санат. Семейдің деңгейі жоғары екенін көрсеттік (Астана қаласында Шығыс Қазақстанның мәдени күндеріне орай әнші Г.Ноғайбаевамен сұхбат) // Семей таңы . – 2011. – 27 қыркүйек. – Б. 3.

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 248.