«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2014 г.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Қазақстан қоғамынының рухани тірегіне айналып, патриоттық рух пен биік адамгершілік өнегеге бағытталуы тиіс. Ескі қағидаға сүйенсек - «халық өткенін бағамдамай, болашаққа жылжи алмайды». Сондықтан дәстүр, тарих, мәдениет сияқты рухани құндылықтарға баса назар аудару қажет.

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.

2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін Ұлттық академиялық кітапханада академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.

1strana

Ұлы Отан соғысынан кейiнгi кезеңде халық құрметiне бөленген жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған.

Көркемсөз өрнегi ерекше, сұлу сөз иесi, сүйкiмдi шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. «Жусан иісі» повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі - ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.

 

1starana1 1strana2

Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.

Биылғы жыл бойы еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде, сондай-ақ оқу орындарында, әскери бөлімдерде аталған кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады. Сондай-ақ Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді.

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «жастар өмірінің энциклопедиясы» атанған Сайын Мұратбековтың «Жусан исі», «Басында Үшқараның...» атты шығармаларын қалың оқырмандар арасында насихаттау мақсатында кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер мен саяхаттар, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Осы шаралар аясында С.Мұратбековтың шығармалары талқыланатын болғандықтан кітапхана ұжымы барлық оқырмандарды, жалпы қала тұрғындары мен қонақтарын бір кісідей Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты повестерін оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырады.

 


 «БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2013 г.

Арнау      Сұлу жырдың төкпе ақыны 

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Сондықтан ұйымдастыру комитетінің шешімін, яғни, бүкіл ел болып оқып, танып, біліп-талқылайтын кезекті қазақ әдебиетінің шығармалық туындысын асыға күтеді.

21 ақпанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы, ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың жетекшілік етуімен өтті.

009Мәжіліс қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің мамандары жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша іріктелген шығармалар тізімі ұсынылды.

Тізімге Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы, Сәкен Сейфуллин поэзиясы, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері, Мұқағали Мақатаевтың лирикасы, Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...» атты прозалық шығармалары, Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы енген еді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің классикалық шығармасы ретінде оқылуға лайық әрбір шығарманың құндылықтары туралы айтылды. Алайда ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзиясы үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.Ongarsynova

Қазақстан бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы 2013 жылдың қыркүйек айында өткізілетініне қарамастан, Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімдері мен кітапхана бөлімшелерінде кітап оқуды насихаттау жұмыстары жыл көлемінде жүйелі түрде жүргізіледі.

«Бір ел - бір кітап» акциясы оқырмандарды тек қана қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен таныстырып қана қоймай, бұл шығармаларды қайта-қайта оқып, туған-туыстары, достары мен таныстарына ұсыну үшін өткізіледі. ОКЖ қызметкерлері жыл басынан бері 2007-2012 жылдар аралығында бүкіл ел болып оқуға ұсынылған үздік авторлар шығармаларшылығымен оқырман қауымды таныстыру мақсатымен дербес кітап көрмелерін ұйымдастырып, кітапсүйер қауымның назарына ұсынуда.

Енді 2013 жылы бүкіл ел болып оқылатын туынды анықталғандықтан Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімдері мен кітапхана-бөлімшелері Қазақстанда ең көп оқылатын авторлардың бірі болып табылатын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын белсенді түрде насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат. Өзінің өлең-жырының көпшілігін ақын туған ауылына, жерлестеріне және барлық қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан оның жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Оның өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Фариза Оңғарсынқызы бүгінгі күнге дейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келеді, ол «Тұмар» республикалық әдеби-көркем журналының бас редакторы бола отырып, дарынды жас әдебиетшілерге қолдау көрсетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа» таңдамалы жыр жинағы бойынша ұйымдастырылған ашық кітап көрмелерінде ұсынылған әдебиеттермен танысуға, сондай-ақ әртүрлі тақырыптық кештерге, әдеби клуб отырыстарына, библиографиялық шолулар мен оқу марафондарына және әдеби пікірталастарға белсене қатысуға шақырамыз.





«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2012 г.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Кітапханашылар ассоциациясы қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты. Күні кеше ғана Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалымен өткен «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысында осы жылғы жобаның кітабы жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болған Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағы болып табылды деген шешім шығарылды.

Бұл шараның ерекшелігі, бір автордың бір кітабы немесе белгілі бір мазмұнды шығармасы таңдап алынып, ол бір жыл бойы ел ішіндегі миллиондаған оқырман назарына ұсынылады.

Жобаның мақсаты – оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне деген қамқорлықты күшейту, сондай-ақ, жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Бүгінде «Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» ММ барлық кітапханаларында «Бір ел – бір кітап» ақциясын өткізу қанатын кең жайып, ауқымдала түсуде. Дәстүрлі болған «Бір ел - бір кітап» акциясы басталған беттен-ақ кітапхана қызметкерлері қаламыздың түрлі қоғамдық, мемлекеттік ұйымдарымен тығыз байланыста бірлесіп әртүрлі бағытта, стилде, форматта: кездесу және әдеби кештерін, оқу марафондары, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар т.б. жұмыстарды жүргізу жоспарын жасап, акцияға тұрғылықты халықтың барлығын тарту үшін жарнама науқанын кеңінен жүргізуде.

Оралхан Бөкейдің шығармашылығын пір тұтатын барлық кітап сүйер қауымды осы кітаппен тереңірек танысу үшін кітапханаларда өтетін шараларға қатысып, ат-салысып, белсенділік танытуға шақырамыз.


Оралхан Бөкеев

(1943-1993)

128 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969). 1965-1968 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1968-1974), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, 1983-1993 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, Бас редакторы болған.

«Қамшыгер» (1970), «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным» (1973), «Мұзтау» (1976, орыс тілінде - 1987), «Ән салады шағылдар» (1978, орыс тілінде - 1981), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984, орыс тілінде - М.,1984) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өз отыңды өшірме» (1983, орыс тілінде - 1984) романы, «Құлыным менің» (1987) пьесалар жинағы шықты.

«Құлыным менің» (2 актілі драма, 1974), «Текетірес» (2 актілі драма, 1976), «Қар қызы» (2 актілі элегия, 1982), «Зымырайды поездар» (2 бөлімді драма, 1984), «Жау тылындағы бала» (2 бөлімді драма, 1985), «Мен сізден қорқамын» (2 бөлімді драма, 1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылды.

Орыс тілінде «Жасынның ізі» (М., 1978) әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрді. Бірқатар шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған. Оның шығармалары бойынша «Кісікиік» (реж.М.Смағұлов, 1985), «Сайтан көпір» (реж.Д.Манабаев, 1986) көркем фильмдері түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль (1986, балетмейстер Б.Аюханов) қойылды.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың (1978) иегері.

Өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жандүние тереңіне, ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.

 

 « Іс шара»

 

 

Ақпарат!

Елімізде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен «Бір ел – бір кітап» жалпыұлттық акциясы басталды.

Қазақстанда 2007 жылдан бері бастау алып келе жатқан бұл әдеби-көпшілік шара биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Бұл шараның ерекшелігі, бір автордың бір кітабы немесе белгілі бір мазмұнды шығармасы таңдап алынып, ол бір жыл бойы ел ішіндегі миллиондаған оқырман назарына ұсынылады.

Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясына Алаштың ардақты ұлы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы таңдап алынды.

Кітапхана қызметкерлері «Бір ел - бір кітап» акциясын жүргізуге арналған ұсыныстар дайындап, акцияға тұрғылықты халықтың барлығын тарту үшін жарнама науқанын кеңінен жүргізіп мәдени іс-шараларды өткізуде.

 

Акция туралы ереже


Табиғи дарынды талант


Анкета


Ж. Аймауытовтың шығармашылық мұрасы


№6 кітапхана-бөлімшесі «Ақбілек»романының тілі мен стилі» атты әдеби сағат өткізді.


Бәріміз Оралхан Бөкейді оқимыз!