Мыржықбай Кенжеғали
27.03.2014 11:16
kenjegali

Әнші, өнертанушы.

1953 жылдың 3 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1970 жылы Абай ауданындағы Сарыжал орта мектебін бітіріп, Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде оқыған. 1972 жылы Алматы консерваториясына түсіп, 1976 жылы Ленинград консерваториясына ауысады. Оны 1981 жылы опера әншісі, камералық концерттік әнші және оқытушы мамандықтары бойынша аяқтайды. 1996 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын музыка театрының режиссері мамандығы бойынша бітірген.

1981-1996 жылдары Абай атындағы опера және балет академиялық театрында жетекші әнші, 1996-1997 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде доцент, 1997-1998 жылдары Ақмола облыстық филормониясының директоры, 1998-2007 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында жеке дауысты әншілер кафедрасының меңгерушісі, 2007-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы болған. 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының директоры.

ҚР еңбек сіңірген әртісі (1991). Өнертану профессоры (2003).

Әдебиет:

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 246.

Елубай, О. Мәдениет дамыса, еліміз де өркендейді [Мәтін]/ О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2009. - 18 ақпан. - Б. 5.

Сейсенұлы, Д. Кенжеғалидың қайырымдылық концерті [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 13 наурыз. - Б. 7.

Сәрсенбайқызы Ғ. Кенжеғали Мыржықбай: "Мәдениетке қашан да қолдау болады" [Мәтін] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2008. - 23 тамыз. - Б. 5.